Centek CT-8540 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/56] 744283

Centek CT-8540 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/56] 744283
16
Арна типі. Егер сіз теледидар тек тегін арналарды сақтағанын қаласаңыз,
Еркін арналарды таңдаңыз. Ақылы және тегін арналарды сақтау үшін Бар-
лық арналарды белгілеңіз
.
Қызмет типі. Арналардың қандай типін сақтау керектігін көрсетіңіз: телеви-
зиялық (DTV), радио немесе барлығы.
- Іздеуді бастауды басыңыз да жерсеріктерді сканерлеу аяқталғанға дейін
күтіңіз. Бұл жарты сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін.
Арнаны таңдамалыларға қосу
Таңдамалы арналар арналар тізімінің Таңдамалылар тобынан көрінеді – олар-
ды бұл жерден тез тауып алуға болады.
Арнаны қосу үшін:
- Теледидардың басты экранында ТВ басыңыз.
- Арнаны таңдаңыз, содан соң арна атауының жанында О белгісі пайда
болғанша пульттегі ОК батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
Балалар режимін қосу
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыны баптау
бөліміне өтіңіз және Ата-ана бақылауын таңдаңыз.
- Кіру кодын орнатыңыз – оны білмей, балалар ата-ана бақылауының бапта-
уларын өздері өзгерте алмайды.
- Іздеу кезіндегі сүзгілеу деңгейін және жас рейтингі бойынша шектеулерді
таңдаңыз.
Келесіде сіз Ата-ана бақылауы мәзірін ашып көрсеңіз, теледидар ағымдағы
ПИН-кодты сұрайды. Егер сіз оны ұмытып қалсаңыз және бес рет қате тер-
сеңіз, теледидар кодты жоюды ұсынады. Мастер-ПИН 0000 енгізіңіз, содан
кейін жаңа кодты қойыңыз.
Интернетке қайта қосылу
Егер теледидар кабель көмегімен интернетке қосылған болса, оны ажыра-
тыңыз да, «Сыртқы құрылғыларды қосу» бөлімінде көрсетілгендей қайта
жалғаңыз.
Теледидарды Wi-Fi-ға қайтадан қосу үшін:
- Егер сіз LAN қосқышы арқылы интернетке қосылған болсаңыз, кабельді LAN
қосқышынан суырып алыңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Желіні таңдаңыз.
- Егер сіз теледидарды құпиясөзі өзгертілген желіге қайта қосқыңыз келсе,
алдымен оны өшіріңіз. Ол үшін қол жетімді желілер тізімінен желіні таңдап,
Бұл желіні өшіру деп таңдаңыз
.
- Қол жетімді желілер ішінен керегін тауып, оның құпиясөзін енгізіңіз.
Аккаунт қосу
Егер сіз теледидарды отбасыңызбен бірге пайдалансаңыз, теледидарға
жақындарыңыздың аккаунттарын қосыңыз. Сіз ак Сіз аккаунттар арасында
ауыстырып қоса аласыз: көру тарихы араласып кетпейді, сондықтан әр отба-
сы мүшесіне арналған фильмдер, телеарналар мен бейнелердің ұсыныстары
дәлірек болады.
Аккаунтты қосу үшін басты экранда басыңыз, Пайдаланушыны қосу деп
таңдаңыз және теледидардағы нұсқауларды орындаңыз. Қосылған аккаунт
автоматты түрде белсенді болады - Добавленный аккаунт автоматически
станет активным ұсыныстар иесінің қалауын ескере отырып таңдалады,
сонымен қатар оның Плюс немесе КиноПоиск жазылымы да қолданылады.
Егер теледидардағы қандай да бір аккаунт әрі қарай қажет болмаса, одан
шығып кетіңіз: теледидардың басты экранында басыңыз, аккаунтты таңдаңыз
және Аккаунттан шығу деп басыңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Теледидар автоматты түрде жаңартулардың бар-жоғын тексеріп, оларды ор-
натып отырады. Егер сіз бағдарламалық жасақтаманың ағымдағы нұсқасын
көргіңіз келсе немесе оны мәжбүрлі жаңартқыңыз келсе:
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыларды бап-
тау бөліміне өтіңіз.
- Құрылғы туралы деп таңдаңыз. Бағдарламалық жасақтаманың ағымдағы
нұсқасы Құрастырым тармағынан көрінеді. Бағдарламалық жасақтаманы
жаңарту үшін Жүйені жаңартуды басыңыз.
Баптауларды қалпына келтіру
Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыларды баптау
бөліміне өтіңіз де, Сақтау және алып тастау деп таңдаңыз. Зауыттық бапта-
уларды басыңыз, операциялардың орындалуын растаңыз және баптауларды
қалпына келтіру аяқталғанша күтіңіз. Содан соң теледидарды жаңадан бап-
таңыз.
Басқа баптаулар
Теледидардың басқа баптаулары туралы yandex.ru/support/
smart-tv сайтындағы анықтамадан оқыңыз.
Телеарналар, фильмдер, сериалдар және роликтер қарау
Бұл теледидарды кабельдік, жерсеріктік немесе аналогтық телевидениеге
қосу міндетті емес: онда ондаған интернет-арналардың трансляциясы қол
жетімді. Ал егер сіз Яндекс.Плюс немесе КиноПоискке жазылған болсаңыз,
онда таңдау тек телеарналармен шектелмейді КиноПоиск кітапханасынан
фильм немесе сериал таңдауға болады.
Телебағдарламаны, фильмді, сериалды, бейнеблогер ролигін немесе муль-
тфильмді қосу үшін экранның сол жағындағы мәзірдің қажетті бөлімін
таңдаңыз. Егер сіз не көру керектігін білмесеңіз, Басты бөлімге өтіңіз – бұнда
сізге ұсынылатын бейнелер жинақталған.
КиноПоисктен немесе желіден бейнелер іздеу
Интернеттен ролик немесе КиноПоиск кітапханасынан фильм табу үшін*, экран-
ның сол жағындағы мәзірден Іздеуді таңдап, бейнежазбаның атын жазыңыз.
Оған қоса, атауын айтып жаздыруға да болады. Ол үшін пульттегі батырмасын
басыңыз да, не табу керектігін айтыңыз. Дауыстық ендіру тек пульт теледи-
дарға Bluetooth арқылы қосылған жағдайда жұмыс жасайды («Пультті неме-
се басқа құрылғыны Bluetooth арқылы қосу» бөлімін қараңыз).
Сыртқы құрылғыдан бейнелер қарау
- Теледидар мен құрылғыны «Сыртқы құрылғыларды қосу» бөлімінде көр-
сетілгендей жалғаңыз.
- Пульттегі батырмасын басыңыз, содан соң сигналдар көзі тізімінен құрылғы
қосылған көзді табыңыз.
*Фильмдер мен сериалдар үшін Яндекс.Плюс немесе КиноПоискке жазылу ке-
рек. Күші бар промо-кезең немесе промо-код та жарамды. Телебағдарламалар
мен бейнелерді интернеттен тегін қарауға болады.
USB-тасымалдауышынан медиафайлдар қарау
Теледидарға USB-тасымалдауыштарды ұосуға болады:
NTFS файлдық жүйесі бар сыйымдылығы 2 ТБ дейін;
FAT32 файлдық жүйесі бар сыйымдылығы 128 ГБ дейін;
FAT16 файлдық жүйесі бар сыйымдылығы 2 ГБ дейін.
Ескерту. Теледидар кейбір USB-құрылғыларымен сәйкес келмеуі мүмкін. Оған
қоса жеке USB-құрылғылар сыртқы, қосымша қуатқа қосуды талап етеді.
Келесі пішімдегі медиафайлдарды қарауға болады:
Кескіндеор - PNG, JPEG, BMP.
Музыка - AAC, MP3 (32–320 кбит/c). Теледидар авторды және трек атауын, сон-
дай-ақ басқа ақпаратты дұрыс көрсетуі үшін MP3 файлындағы метадеректер
ID3v2.4 пішімінде және UTF-8 кодтауында болуы керек.
Бейне - AVI, TS, VOB, MPG (MPEG-2), MP4, MKV.
Субтитрлер - SRT (Unicode). Субтитрлерді дұрыс оқу үшін SRT файлы бейнемен
бірдей каталогта сақталуы керек және екі файлдың да атаулары сәйкес ке-
луі керек. Сонымен қатар, субтитр мәтіні Unicode пішімінде кодталғанына көз
жеткізіңіз.
USB-тасымалдауышты қалай қауіпсіз қосу туралы «Сыртқы құрылғыларды
қосу» бөлімінен оқыңыз. Медиафайлды қарау үшін теледидардың басты
экранында басыңыз да, Медиаплеер қосымшасын іске қосыңыз. Онда қажетті
файлды табыңыз және ашыңыз — фильм, фотосурет немесе музыкалық трек.
Дыбысты сыртқы аудиожүйеге немесе құлаққапқа тарату
Аудиожүйе немесе құлаққап кабелін теледидардың артқы панеліндегі
қосқышқа тығыңыз. Аудиожүйе DIGITAL AUDIO OUT қосқышына, құлаққап-
тар 3,5 миллиметрлік аудио қосқышқа қосылады. Дыбыс бірден қосылған
құрылғы арқылы шыға бастайды.
Толығырақ «Сыртқы құрылғыларды қосу» бөлімінен оқыңыз.
Қосымшаларды қалай пайдалану керек
Теледидардан бөгде қосымшаларды да қосуға болады: браузерлер, медиа-
плеерлер, онлайн-кинотеатрлар және басқалары. Олардың бір бөлігі алдын-а-
ла орнатылған, қалғанын теледидардағы қосымшалар дүкенінен орнатуға
болады.
Қосымшаны іске қосу үшін теледидардың басты экранында басыңыз, содан
кейін қажетті қосымшаны таңдаңыз. Егер ол бұрын орнатылған болса, оның
іске қосылуын күтіңіз. Ал егер қосымша әлі орнатылмаған болса, Орнатуды
басыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как трансляцию включить
10 месяцев назад