Maxwell MW-1951 W [25/64] Қазақ

Maxwell MW-1951 W [25/64] Қазақ
25
ҚАЗАҚ
БЕРІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚТЫ САҚТАП
ҚОЙЫҢЫЗ, ОНЫ КЕЛЕШЕКТЕ
АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ.
АЭРОГРИЛЬДІ БАСҚАРУ
- Аэрогриль жұмысын басқару таймердің
(3), температура реттегішінің (5)
жəне саптың (4) көмегімен жүзеге
асырылады.
- Таймердің сабын (3) бұрап уақыт
орнатылады (60 минутқа дейін).
- Температура реттегішімен (5) азық-
түліктің дайындалу температурасы
беріледі, ол тостағанның (7) ішінде
сақталады.
- Саппен (4) қыздырғыш элементті іске
қосуға немесе ажыратуға болады,
егер сап (4) тік күйінде орналасса,
онда қыздырғыш элемент сөндірілген
болады.
- Көрсеткіш (2) желілік баудың
айыртетігін ашалыққа қосқанда
жанады.
- Көрсеткіш (6) қыздырғыш элементті
іске қосқанда жанады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Құрылғыны орамнан шығарыңыз.
Алғашқы іске қосу алдында, аспаптың
жұмыс істеу кернеуі электр желісіндегі
кернеуге сəйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Тостағанды (7), торларды (8, 9),
қысқыштарды (10) бейтарап жуғыш
затпен жақсылап жуыңыз, шайыңыз
жəне кептіріңіз.
• Қақпақты (1), сақинаны (11) жəне
тіреуді (12) сəл ылғалды матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
Сақинаны (11) тіреуге (12) орнатыңыз,
тостағанды (7) сақинаға (11)
орнатыңыз, тостағанды (7) қақпақпен
(1) жабыңыз.
Сапты (4) тік күйіне орнатыңыз, желілік
баудың айыртетігін ашалыққа қосыңыз,
сол кезде көрсеткіш (2) жанады.
Температура реттегішін (5) сағат тілі
бойынша соңына дейін бұрап, оны
максималды күйіне орнатыңыз.
Таймердің (3) сабын бұрап , 10 минут
жұмыс істеу уақытын орнатыңыз.
Сапты (4) көлденең күйіне түсіріңіз,
сол кезде қыздырғыш элемент іске
қосылады жəне көрсеткіш (6) жанады.
Ескерту:
- Алғашқы іске қосқан кезде бөтен
иістің пайда болуы мүмкін, бұл
қалыпты құбылыс.
Орнатылған уақыт біткеннен кейін,
дыбыстық сигнал дыбыс береді,
аэрогриль сөнеді, көрсеткіш (6) сөнеді.
Желілік баудың айыртетігін ашалықтан
ажыратыңыз, аспапқа толық
салқындауға уақыт беріңіз жəне
тостағанды (7) қайталап ылғалды
матамен сүртіңіз.
АЭРОГРИЛЬ АЗЫҚ- ТҮЛІКТІ ПІСІРУГЕ
ДАЙЫН.
АЭРОГРИЛЬГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ
ОРНАЛАСТЫРУ
Аэрогрильдің барлық мүмкіндіктерін
оптималды пайдалану үшін төменде
көрсетілген кеңестерді пайдаланыңыз:
Азық-түлікті торда дайындау алдында,
азық-түлік жабысып қалмау үшін,
торларға өсімдік майын сəл жағу
ұсынылады.
Азық-түлікті торға салыңыз, бұл
ыстық ауаға азық-түлікті бірқалыпты
қыздырып, оның жан-жағында еркін
қозғалуына мүмкіндік береді, сонымен
бірге азық-түлікті аудару қажеттілігі
туындамайды. Ет немесе балық
тағамдарын торда дайындаған кезде,
холестериннің деңгейі төмендейді
жəне азық-түліктің аллергендігі азаяды.
MW-1951.indd 25MW-1951.indd 25 14.09.2010 15:11:5614.09.2010 15:11:56

Содержание

Похожие устройства