Redmond RCM-1509S [27/44] I пайдалана бастау алдында

Redmond RCM-1509S [27/44] I пайдалана бастау алдында
27
SkyCoffee RСМ-М1509S
KAZ
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландыру-
сыз өз өнімдерін жетілдіру барысында дизайнға, жинақталуға,
сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамаларына
өзгерістер енгізуге құқылы.
Аспаптың құрылымы (
A1
сурет, 4 бет)
1. Суға арналған резервуардың қақпағы
2. Суға арналған өлшеуіш шәкілі бар алмалы-салмалы сұйық-
қойма
3. Бу шығару саңылауы
4. Сүзгіні ұстағыш
5. Сүзгі ұстағышының фиксаторы
6. Тұтқасы бар алмалы-салмалы сүзгісі
7. Төгіліп кетуден қорғайтын кофе құюға арналған шүмек
8. Құманды қыздыруға арналған металл пластина
9. Кофеге арналған құман
10. Электр бауды сақтауға арналған ұяшықты аспап корпусы
11. Электр сымы
Дисплей және басқару тақтасы (
A2
сурет, 4 бет)
A. Ағымдағы уақыт индикаторы / стартты шегеру уақытының
индикаторы
B. Құрылғының Ready for Sky қосымшасына қосылу индикаторы
C. 12-сағаттық уақыт форматындағы индикаторлар
D. «Старт/Отмена» («Старт/Болдырмау») түймешігі
E. Дайындау индикаторы
F. «Отсрочка» («Шегеру») түймешігі
G. Бастауды кейінге қалдыру тәртібінің индикаторы
H. «Крепость» («Қоюлық») түймешігі
I. Күштің реттелімі индикаторы
J. «Час» («Сағат») батырмасы
K. «Мин» батырмасы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз.
Барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені
орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Құралдың тұрқын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Алмалы-сал-
малы бөлшектерін жылы сумен жуып, электр желісіне қосар
алдында құралдың барлық элементтерін мұқият кептіріңіз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ready for Sky технологиясы
Ready for Sky технологиясы планшет немесе смартфонның
көмегімен бір атауы бар бағдарлама-қолданба арқылы құрал-
ды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
1. Өзіңіздің планшетіңізге немесе смартфоныңызға (қолданы-
латын құрылғының операциялық жүйесіне байланысты) App
Store немесе Google Play қосымшалар дүкенінен Ready for
Sky қосымшасын жүктеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать