Redmond RCM-1509S [29/44] Орнату үшін мин батырмасын басыңыз сағаттар мен

Redmond RCM-1509S [29/44] Орнату үшін мин батырмасын басыңыз сағаттар мен
29
SkyCoffee RСМ-М1509S
KAZ
ша және R4S Gateway қосымшасы арқылы аспапты бір уақытта
басқару мүмкін емес (аспапты алыс және жақын аймақтан бір
уақытта басқаруға болмайды).
Сағатты теңшеу
1.
Аспапты электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі
береді, дисплейде бастапқы қалып бойынша қойылған уақыт
шамасы көрсетіледі (12:00).
2.
Уақыт шамасын өзгерту үшін «Отсрочка» түймесін басып,
бірнеше секунд ұстап тұрыңыз. Дисплейде уақыт шамасы
жыпылықтай бастайды.
3.
Сағат мәнін орнату үшін, «Час» батырмасын, минут мәнін
орнату үшін «Мин» батырмасын басыңыз. Сағаттар мен
минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапазон-
ның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату
диапазон басынан басталады. Шаманы жылдам өзгерту үшін
қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
4.
Баптаған соң, басқару панелінде түймешіктерді 5 секунд
ішінде баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде сақталады.
Бастапқы қалып бойынша уақыт шамасы 24-сағаттық формат-
ты көрсетіледі. 12-сағаттық форматқа ауысу үшін ағымдағы
уақыттың баптау режимінде «Час» және «Мин» түймелерін бір
уақытта басып, ұстап тұрыңыз. Дисплейде ағымдағы уақыт пен
АМ немесе РМ индикаторы 12-сағаттық форматта шығады.
REDMOND SkyCoffee RCM-М1509S кофеқайнатқышының энер-
гияға тәуелсіз жадысы жоқ. Сондықтан құрылғы электр
желісінен уақытша ажыратылған кезде сағаттар баптауын
қайта белгілеу қажет.
Стартты кейінге қалдыру функциясы
Бастауды кейінге қалдыру қызметі кофе ұнтақтағышымен сусын-
ды дайындауды бастау уақытын орнатуға мүмкіндік береді.
1. Стартты кешіктіруді баптау режиміне ауысу үшін күту ре-
жимінде «Отсрочка» түймесін басыңыз. индикаторы
жанады, дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды.
2. Сағат мәнін орнату үшін, «Час» батырмасын, минут мәнін
орнату үшін «Мин» батырмасын басыңыз. Сағаттар мен
минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапа-
зонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін
орнату диапазон басынан басталады. Шаманы жылдам
өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
1 минут бойы қимылсыз қалса құрылғы күту режиміне көшеді.
3.
Баптау аяқталғаннан кейін «Старт/Отмена» түймесін ба-
сыңыз. Стартты кешіктіру функциясы жұмысын бастайды.
Функция жұмыс істеген кезде дисплейде ағымдағы уақыт
шамасы көрінеді. Стартты кешіктірудің белгіленген шама-
сын көру үшін «Час» немесе «Мин» түймесін басыңыз.
4.
Функция жұмысы аяқталғаннан кейін құрылғы үш дыбыстық
сигнал шығарады, индикаторы сөнеді. Кофе жасау
үдерісі басталады.
5. Стартты кешіктіру функциясын ажырату үшін күту режимінде
«Старт/Отмена» түймесін басыңыз. Ұзақ сигнал шығады,
индикаторы сөнеді, кофе қайнатқыш күту режіміне өтеді.
«Крепость» функциясы
Бұл функция дайын сусынды қоюландыруға мүмкіндік береді.
Функция жұмыс істеген кезде кофеден сүзгіге ыстық су беру 10

Содержание

Похожие устройства

Скачать