Redmond RMC-PM350 [34/40] Автоматты бағдарламаларды пайдаланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі

Redmond RMC-PM350 [34/40] Автоматты бағдарламаларды пайдаланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі
34
Тағамдарды жылыту
REDMOND RMC-Р350 мультипісіргіш-жылдам пісіргішін салқын тағамдарды жылыту үшін
пайдалануға болады. Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультипісіргіш корпусына орнатыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз.
3. Құралдың қақпағында бу қақпағын ашу батырмасын басыңыз.
4. «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз. Құрал дыбыс шығарады, дисплейде «Разо-
грев» индикаторы жанады. Таймер қыздырудың уақытының тікелей есебін бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
кезде дисплейде және батырмада сәйкес индикаторлар сөнгенше «Отмена/Разогрев»
батырмасын басып, жылытуды тоқтатуға болады.
Біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның
дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Қорғау жүйесі
REDMOND RMC-Р350 мультипісіргіші-жылдам пісіргіші көпдеңгейлі қорғау жүйесімен
жабдықталған. Егер камерадағы температура және (немесе) қысым рұқсат етілетін
көрсет- кіштен асып кетсе, жүйе әзірлеу процесін тоқтатады. Бұл параметрлер қалпына
келген кезде, әзірлеу процесі жаңарады. Егер белгілі бір уақытта бұл болмаса, арнайы
құрал электрлік қорек сымын үзеді және мультипісіргіш-жылдам пісіргіш жұмысын
тоқтатады.
Егер жылдам пісіру режімінде «Отмена/Разогрев» батырмасын басумен әзірлеу процесін
тоқтатқан болсаңыз, аспапты 10-15 минут ішінде салқындатыңыз және тостағандағы қысым-
ды қалпына келтіру үшін бу шығару қақпақшасын ашыңыз.
Жұмыс камерасындағы қысымды қалпына келтіргеннен кейін аспаптың қақпағын ашыңыз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100°С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Бұл құралдың қызып кетуіне және сынуына әкелуі мүмкін. Осы себеппен суды қайнату
үшін «ЖАРКА/ФРИТЮР», «ВЫПЕЧКА» бағдарламаларын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Ингредиенттерді мультипісіргіш-жылдам пісіргіш тостағанында әзірлеу бағдарлама-
сына сәйкес орналастырып, оны аспап корпусына салыңыз. Барлық ингредиенттердің,
соның ішінде сұйықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын
бақылаңыз. Тостаған қиғаштықсыз орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен
тығыз жанасатындығына көз жеткізіңіз.
3.
Шертуге дейін сағат көрсеткіші бойынша айналдырыңыз және құралдың тұрқына
қақпағын орнатыңыз. Құралды электр желісіне қосыңыз.
Мультиәзірлегіш режимінде жұмыс істейтін бағдарламаларды қолдану кезінде,
қақпақтағы бу қақпағы ашудың батырмасын шерту естілгенге дейін басыңыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
4. Күту режимінен шығу үшін айналатын джойстиктегі «ОК» батырмасын басыңыз. «–»
және «+» батырмаларын баса отырып немесе джойстикті айналдыра отырып, әзірле-
удің қажетті бағдарламасын таңдаңыз (бағдарламаның тиісті индикаторы жанады).
5. Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, сіз оның
шамасын өзгерте аласыз.
6. Қажет болса стартты кейінше қалдыру уақытын орнатыңыз.
Егер батырманы басу арасындағы уақыт аралығы 1 минуттан артық болса, таңдалған
бағдарламаның ығысуы болады және дисплей ағымдағы уақыт индикациясына оралады.
7. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» батырмасын басыңыз. Таңдалған әзірлеу
бағдарламасына байланысты уақыттың кері санағы бірден немесе тостағандағы қажет-
ті температура мен қысымға жеткеннен кейін басталады.
Автожылытқышты алдын-ала ажырату үшін, бағдарламаның жұмысы кезінде «Старт»
түймесін басыңыз, дисплейдегі «Подогрев» индикаторы сөнды. Автожылытқышты
қайта қосу үшін, «Старт» түймесін тағы басыңыз («Подогрев» индикаторы жанады).
«ВЫПЕЧКА» және «ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламаларының жұмысы кезінде әзірлеу тем-
пературасы өзгеруі мүмкін (тиісті бағдарламалардың сипаттамасын қараңыз).
8.
Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізді дыбыстық дабылдар хабарландыра-
ды, дисплейде «Готово» индикаторы жарқылдай бастайды. Әрі қарай, ағымдағы бап-
таулар немесе таңдалған бағдарламаға байланысты құрал автоқыздыру режиміне
(дисплейде «Подогрев» индикаторы жанады) немесе күту режиміне ауысады (дисплей-
де ағымдағы уақыт бейнеленеді).
9.
Жылдам әзірлегіш режимінде жұмыс істейтін бағдарламаны қолдану кезінде, бағдар-
лама аяқталғаннан кейін құралға бірнеше минут суу үшін уақыт беріңіз, одан кейін
қақпағындағы бу қақпағын ашу батырмасын басыңыз және құралдың ыдысындағы
қысымның қалыпқа келуін күтіңіз.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
тостағанның ішкі бетіндегі шкаланың максималды белгісінен асырып тостағанды
өнімдер мен суды толтыруға;
жылдам пісіру режімінде сусыз немесе басқа сұйықтықсыз дайындауға (минималды талап
етілетін сұйықтық көлемі 2 өлшеуіш стақан);
жылдам пісіру режімін өнімдерді майда қуыру үшін қолдануға тыйым салынады.
Енгізілген бағдарламаны болдырмау үшін, әзірлеу процесін немесе автожылытуды тоқта-
ту үшін, «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз.

Содержание

Скачать