Redmond RMC-PM350 [36/40] Выпечка бағдарламасы

Redmond RMC-PM350 [36/40] Выпечка бағдарламасы
36
Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін күту режимінде «Старт» батырмасын бассаңыз
жеткілікті.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Ашытылған қамырдан кекстер, пісірмелер және бәліштер әзірлеуге арналған. Тағайындалу
бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттық
қадаммен 10 минуттан бастап 4 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасында «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы қолжетімді болады (бағдар
-
ламаның жұмысы кезінде немесе старт басталғанға дейін әзірлеу температурасын өзгерту
мүмкіндігі). Мүмкін болатын 100-160°С мәндерінің диапазоны, өзгерту қадамы 1°С.
1.
Температура өзгерту үшін батырмасын басыңыз. Уақыттың мәнінің индикаторының
орнына бастапқы күйі бойынша температура мәні бейнеленеді — 140°С.
2. Температураның қажетті мәнін джойстикті айналдыра отырып немесе «+» және «–»
батырмаларын қолдана отырып температураның қажетті мәнін орнатыңыз.
3. Енгізjyілген өзгерістерді растау үшін «ОК» батырмасын басыңыз.
Пісірмені әзірлеген кезде тағамды автоматты жылыту функциясын сөндіру ұсынылады.
Дайын өнімді ылғалды болмас үшін әзірленген бойдан бірден мультипісіргіштен шыға-
рыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, өнімді мультипісіргіште автожылыту қосылу болғанда
қысқа мерзімге қалдыруға болады.
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасы
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасының көмегімен үйіңізде тәтті және пайдалы йогурттар
дайындай аласыз, сондай-ақ қамырдың ашуына максималды қолайлы жағдайлар құра
аласыз. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 8 сағатты құрайды. Әзірлеу
уақытын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады автоподогрев функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Йогурттарды әзірлеу үшін сіз йогуртқа арналған арнайы REDMOND RAM-G1 банкілер
жиынтығын қолдана аласыз (жеке сатып алынады).
«ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ» бағдарламасы
REDMOND RMC-Р350 мультипісіргіш-жылдам пісіргіші баланың тамақтануымен және өсу мен
дамудың әр сатысында күті көрсетумен байланысты көптеген мәселенің шешімін жеңілдетеді.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 10 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 1 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады. Ашық қақпақпен ас әзірлеуге рұқсат етіледі.
Мультиқайнатқышқа қоса берілген аспаздық кітапта сіз балаға тамақтандыруды
бастаған сәттен бастап мектепке дейінгі жасқа дейін беруге болатын тағамдардың
көптеген рецептерін таба аласыз. Барлық ұсынылған рецепттер біздің аспаздар то-
бында аталмыш үлгі үшін бейімделген және REDMOND RMC-Р350 мультиқайнатқышы-
ның қолданыстағы үлгісінде мұқият тексеруден өткен.
«ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасы
Ет, құс, балық және көп құрамды тағамдарды қуыруға, сондай-ақ фритюрде әртүрлі өнім-
дер әзірлеуге арналған. Осы бағдарламаның жұмыс барысында аспаптың қақпағыашық
қалуы керек. Әзірлеудің орнатылған температурасына жеткенде аспап дыбыстық сигнал
береді.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 18 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 1 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 1 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады. Стартты кейінге қалдыру функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.
«ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасында МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы бар( стартқа дей-
ін немесе бағдарлама жұмысы кезінде дайындау температурасын өзгерту мүмкіндігі).
Мүмкін болатын мәндер диапазоны 60-180 °С, өзгеру қадамы — 1°С. Қажетті температу-
раға жеткен соң құрылғы дыбыстық белгі беріп, дайындау уақытының кері есептелуін
бастайды.
Ингредиенттердің күйіп қалуының алдын алу үшін рецептілер кітабындағы нұсқау-
лықтарды сақтап, тостаған құрамын мерзімді араластыру қажет. «ЖАРКА/ФРИТЮР»
бағдарламасын қайта қолданар алдында, аспаптың толығымен сууын күтіңіз.
REDMOND RMC-Р350 мультиәзірлегішінде сіз арнайы себетті (жиынтығына кірмейді)
қолдана отырып фритюрде әзірлей аласыз.
Осы бағдарламаны қолдану кезінде фритюрде әзірлеу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:
1.
Ыдысқа рецептке сәйкес қуыру үшін қажетті май мөлшерін құйыңыз. Тостағанды құрал
корпусына қойыңыз. Ол дұрыс қойылғанына және қыздыру элементімен жанасатын-
дығына көз жеткізіңіз.
2. «Автоматты бағдарламаларды пайдаланудағы жалпы әрекеттер тәртібінің» 3-7 тар-
мақтарын орындаңыз.
3.
Температура өзгерту үшін батырмасын басыңыз. Уақыттың мәнінің индикаторының
орнына бастапқы күйі бойынша температура мәні бейнеленеді — 180°С. Температу-
раның қажетті мәнін джойстикті айналдыра отырып немесе «+» және «–» батырма-
ларын қолдана отырып температураның қажетті мәнін орнатыңыз. Енгізілген өзгері-
стерді растау үшін «ОК» батырмасын басыңыз.
4.
Тұтқаны қуыруға арналған себетке жалғаңыз. Бұл үшін тұтқа түбін қысып, себеттің
арнайы кертігіне қойыңыз. Тұтқа қысымын босатыңыз, ол арнайы кертікке жалғанады.
Себеттегі тағамдарды бір қалыпты етіп салыңыз.
5. Рецептегі нұсқауларды орындаңыз, белгіленген уақыттан кейін қақпақты ашып, қуы-
руға арналған себетті тостаған ішіне салыңыз. Қақпақты жабыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Май өте ыстық! Күйіп қалуды болдырмау үшін ас үй қолғаптарын
пайдаланыңыз және құрал үстіне еңкеймеңіз.
6. Қуыруға арналған тағамдары бар себетті тұтқасынан ұстап көтеріңіз және оны себет-
тегі арнайы ілмек көмегімен тостаған шетіне іліп, майын сорғытыңыз.

Содержание

Скачать