Philips SCD600 [75/180] Тазалау және күтіп ұстау

Philips SCD600 [75/180] Тазалау және күтіп ұстау
2 Бесік жырын тоқтату үшін, нәресте бөлігіндегі play/stop (ойнату-тоқтату) түймесін қайта
басыңыз.
3 Бесік жыры ойнап жатқанда басқа бесік жырын таңдау үшін:
- Ата-ана бөлігіндегі «Келесі бесік жыры» түймесін басыңыз. (Cурет 29)
- Басқа бесік жырын қосу үшін ата-ана бөлігіндегі «Келесі бесік жыры» түймесін қайта
басыңыз.

Ата-аналар бөлігі нәресте бөлігінің қамту аймағынан алшақ кеткенде, ата-аналар бөлігі бір рет
«бип» деген сигнал шығарып, экранда «Out of range» (Жұмыс істеу аймағынан тыс) хабары
пайда болады. Ата-аналар бөлігіндегі LINK (байланыс) жарығы қызыл болып жыпылықтайды.
Ескертпе: Нәресте бөлігі сөндірулі кезде, ата-аналар бөлігінің көрсеткішінде, сонымен қатар,
‘Out of range’ (Жұмыс істеу аймағынан тыс) хабары пайда болады.

Камерада нәрестені қараңғы бөлмеде де көруге мүмкіндік жасайтын инфрақызыл сәулелі
шамдар бар. Линзаға төмен деңгейлі жарық түссе, инфрақызыл сәулелі шамдар автоматты
түрде қосылады. Анық көру үшін нәресте бөлігін нәрестеден 1-ден 1,5 метрге дейін/3-тен 5
футқа дейін алыс жерге қойыңыз.

Ата-ана рациясының қайта зарядталатын батареясы жеткілікті зарядталғанда, рацияны
өзіңізбен бірге үй ішінде және сыртында белдікке немесе белге белдік қыстырмасымен
қыстырып алуға болады. Осылайша басқа жақта жүріп, нәрестені қадағалауға мүмкіндік аласыз.

Нәресте және ата аналар бөліктерін ешқашан суға батырмаңыз және оларды ағын су
астында тазаламаңыз.
Тазалағыш спрей немесе сұйықтықтарды қолданбаңыз.
1 Нәресте бөлігі мен ата-ана бөлігі розеткаға қосулы болса, оларды ажыратыңыз.
2 Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
Ескертпе: Нәресте бөлігіндегі линзада саусақ ізі немесе кір болса, ол камераның жұмысына
кедергі болады. Линзаға саусақ тигізбеуге тырысыңыз.
Розеткаға қосу алдында ата-ана бөлігі мен нәресте бөлігі құрғақ болу керек.
3 Адаптерды құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Нәресте қадағалаушысын біраз уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, нәресте бөлігіндегі қайта
зарядталмайтын батареяларды және ата-аналар бөлігіндегі қайта зарядталатын батареяларды
алып қойыңыз. Ата-ана бөлігін, нәресте бөлігін және адапторларды салқын және құрғақ жерде
сақтаңыз.

Төмендегі элементтерді ауыстыруға болады:
- Нәресте бөлігінің магниттік қондырғысы
- Адаптерлер. (түрінің нөмірі OH-1048A0600800U-VDE (Еуропа, VDE) немесе OH-
1048A0600800U-UK (БК).
 75

Содержание

Скачать