Haier HOX-FP5AGB Black [38/58] Құрылғының жұмысы

Haier HOX-FP5AGG Graphite [38/58] Құрылғының жұмысы
10
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Тұмшапеш шкафты пайдалану бойынша нұсқаулар
1. Тұмшапеш шкафты бірінші рет қосқан кезде, дисплейдің барлық индикаторлары 1 с
жанады, сағат əдепкі бойынша 12-00 көрсетеді жəне жыпылықтайды. Содан кейін
тұмшапеш күту режиміне өтеді.
2. Айналмалы реттегіш көмегімен тəулік мезгілін орнатып, реттегішті басу арқылы
растаңыз немесе 5 секундтан соң уақыт автоматты расталады.
3. Құрылғыны қосу үшін күту режимінде қосу батырмасын басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз. Əдепкі бойынша қосылғаннан кейін, əдепкі бойынша орнатылған температура
мен уақыт мəндерін көрсететін бірінші функция таңдалады.
4. Тұмшапеш шкафтың қажетті жұмыс режимін таңдап , температура мен уақыт
мəндерін баптағаннан кейін,
бір рет басыңыз жəне құрылғы іске қосылады.
Назар аударыңыз!
1. Сағатты тек күту режимінде баптауға болады. Егер баптау расталған соң уақытты
қайта баптау қажет болса, қажет мəнді белгілеу үшін уақыт баптау батырмасын
басыңыз (электр желісіне алғаш қосқандағы сияқты);
2. Егер тұмшапеш электр желісіне жалғанған жəне қосулы болса, бірақ жұмыс режимі
таңдалмаса, 10 минуттан соң автоматты түрде күту режиміне өтеді.
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау режимі
1. Пісіру ұзақтығын бағдарламалау режимін таңдағаннан кейін, тұмшапеш шкафтың
жұмыс уақытын (ұзақтығын) орнату үшін уақыт баптаулары
немесе реттегіш
батырмасын басыңыз. Бұл жағдайда индикатор
жарқырайды, ал сағат интерфейсі
белгіленген үздіксіз жұмыс уақытын көрсетеді. Пісіру ұзақтығын таңдау үшін реттегішті
бұраңыз. Баптау аяқталғаннан кейін келесі баптауды енгізу жəне алдыңғы баптауды
растау үшін реттегішті басыңыз немесе барлық баптауларды бірден растау үшін қосу
батырмасын
басыңыз.
2. Тұмшапеш шкафы жұмыс істей бастағанда, жұмыс уақытының кері санағы
басталады.
3. Жұмыс аяқталуына бір минут қалғанда уақыт көрсеткіші жыпылықтап, дисплей
кері санауды бастайды, ол 0-ге жеткенде, уақыт көрсететін орын мен уақыт орнататын
батырма жыпылықтай бастайды, содан кейін 120 секунд дыбыстық сигнал беріледі.
Дыбыстық сигнал кез келген батырманы басу арқылы немесе 120 секундтан кейін
автоматты өшеді.
Абай болыңыз!
1. Егер оны растағаннан кейін белгіленген пісіру ұзақтығын болдырмау қажет болса,
уақытты «0:00» етіп орнатыңыз. (Тоқтатылғаннан кейін құрылғы максималды рұқсат
етілген пісіру уақытымен жұмыс режиміне өтеді).
2. Пісіру аяқталғаннан кейін 10 минут ішінде əрекетсіздік болған кезде тұмшапеш
шкафы күту режиміне өтеді.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения