Haier HOX-FP5AGB Black [48/58] Тұмшашкафта тамақ дайындау

Haier HOX-FP5AGG Graphite [48/58] Тұмшашкафта тамақ дайындау
20
ТҰМШАШКАФТА ТАМАҚ ДАЙЫНДАУ
Кондитерлік бұйымдарды
пісіру
Ең жақсы нəтижелерге жету үшін
классикалық пісіру режимін немесе
желдеткішті пайдалану режимдерін
қолданыңыз.
Мыналарды есте сақтау маңызды:
Келесі кестелерде пісіру бойынша
ұсыныстар мысал ретінде келтірілген
жəне оларды сіздің тəжірибеңізге жəне
аспаздық қалауыңызға байланысты
реттеуге болады.
Егер қажетті тағам тізімде болмаса,
құрамы бойынша ең жақын рецептті
пайдаланыңыз.
Классикалық пісіру режимі
Табиғи конвекция тұмшашкафтың
орталық бөлігінде пісіруге тамаша
жағдай жасайды. Бұл режим құрғақ
пісіруге, нан өнімдеріне жəне кекстерге
өте ыңғайлы.
Қараңғы пісіру қалыптарын қолдануды
ұсынамыз, өйткені жарық жылуды
көрсетеді, ал пісірме дұрыс қызармауы
мүмкін.
Əрқашан пісірпеге/пісіруге арналған
қалыптарды грильге салыңыз. Егер сіз
тұмшашкаф жинағына кіретін пісіру
табасын қолдансаңыз ғана, торды
алыңыз
Пісірілген өнімді қажетті температураға
дейін қыздырғанша, тұмшашкафқа
салмаңыз.
Пісіру бойынша кеңестер
Пирогтың соңына дейін піскенін қалай
білуге болады?
Пирогты ең үлкен қалыңдықтағы ағаш
таяқшамен/тіс щеткасымен тесіңіз. Егер
қамыр ағаш таяқшаға жабыспаса, пирог
соңына дейін піскен.
Пирог ағып кетті
Рецептке сүйенгеніңізді тексеріңіз.
Келесі жолы сұйық компоненттердің
мөлшерін азайтуға тырысыңыз. Дұрыс
консистенцияны қамтамасыз ету үшін,
əсіресе, электрлік араластырғышты
қолданған кезде, араластыру немесе
шайқау уақытын қадағалаңыз.
Пирог бірден қызармады
Жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, күңгірт
пісіру қалыбын қолдануды ұсынамыз.
Келесі жолы пісіруді аяқтау үшін, қалыпты
бір деңгейге төмен қоюға немесе төменгі
жылуды қосуға болады.
Чизкейк қажетті деңгейге дейін піскен
жоқ
Келесі жолы пісірме температурасын
азайтып, пісірме уақытын көбейтіңіз.
Мыналарды есте сақтау маңызды:
Кестеде көрсетілген пісіру/пісірменің
температура жəне уақыт диапазондары
болжамды. Бастау үшін төменірек
температураны таңдауды жəне қажет
болған жағдайда пісірудің кейінгі
кезеңдерінде оны арттыруды ұсынамыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения