Haier HOX-FP5AGB Black [40/58] Құрылғының жұмысы

Haier HOX-FP5AGG Graphite [40/58] Құрылғының жұмысы
12
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Тұмшашкафты жарықтандыру
1. Тұмшашкафты жарықтандыруды тұмшашкафтың жарықтандыру түймесі арқылы
қосуға/өшіруге болады.
2. Тұмшашкафты қосқан кезде, жарық 1 минутқа қосылады, содан кейін ол автоматты
түрде өшеді (энергия үнемдеу режимін өшіру үшін түймені 15 секунд басыңыз).
3. Кідірту режимінде артқы жарық өшіріледі (артқы жарық түймесін басу арқылы
жарықтандыруды қосуға болады, содан кейін ол 1 минуттан кейін автоматты түрде
өшеді). Үзіліс режимінен шыққаннан кейін жарық қыздыру эдементімен бірге қосылады
да, 1 минуттан кейін сөнеді.
Балалардың қауіпсіздігі
1. Балалардың бұғаттау функциясын пісіру режимінде қосу үшін, дыбыс
сигналы шыққанға дейін () түймесін 3 секунд басып тұрыңыз; қорек түймесі мен
жарықтандыруды қосу түймесінен басқа барлық пеш түймелері жұмыс істемейді
Балалардан оқшаулауды қосу / өшіру қолжетімді баптаулардың жұмысына əсер етпейді.
2. Балалардан бұғаттауды өшіріп, бұрын таңдалған режимге оралу үшін батырмасын
басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Балалардан бұғаттау режимі қосулы болса, басқару
панелінің батырмаларын басқанда дыбыстық сигнал беріліп, кілт таңбасы
3 рет
жыпылықтайды. Балалардан бұғаттау функциясы тұмшапешті өшіріп-қосқанда сөнбейді.
Егер балалардан бұғаттау функциясы қосулы болса, бғұаттаушы құрылғы тұмшапешті
өшіріп, қосқаннан кейін де қосулы күйінде қалады. Күту режимінде балалардан
бұғаттауды өшіруге ғана болады, оны қоса алмайсыз.
Автоматты өшіру функциясы
Əрбір режимнің максималды жұмыс ұзақтығы бар. Автоматты өшіру функциясының келесі
параметрлері бар:
Температура Жұмыс ұзақтығы
35-120°C 24 сағат
121-200°C 6 сағат
201-250°C 4 сағат
Тұмшашкафтағы пайдаланушы белгілеген пісіру уақыты автоматты өшіру функциясына
қатысты басымдық болып табылады (мысалы, 201°C–250°C температурада, алдын
ала орнатылған автоматты өшіру 4 сағаттан кейін болады, бірақ пісіру уақыты 5 сағатқа
орнатылады, сондықтан пеш 4 сағаттан кейін автоматты түрде өшпейді, бірақ 5 сағат
өткенге дейін жұмысын жалғастырады).

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения