Samsung RB36T774FSA/WT [109/216] Қадам 5 бастапқы параметрлер

Samsung RB36T774FWW/WT [109/216] Қадам 5 бастапқы параметрлер
Қазақ  33
Орнату
Сол жақтың биіктігін реттеу үшін:
Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты алдыңғы сол
жақ тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Құрылғы
деңгейін көтеру үшін деңгейлегішті сағат тілі
бағытымен, ал төмендету үшін сағат тілі бағытына
қарсы бұраңыз.
Оң жақтың биіктігін реттеу үшін:
Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты алдыңғы оң жақ
тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Құрылғы деңгейін
көтеру үшін деңгейлегішті сағат тілі бағытымен, ал
төмендету үшін сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз.
ҚАДАМ: 5 Бастапқы параметрлер
Келесі қадамдарды орындағаннан кейін, тоңазытқыш толық іске қосуға дайын.
1. Тоңазытқышты тасымалдау кезінде қорғау үшін салынған, оның әр бұрышындағы полиэтилен көбіктен
жасалған төсемдерді алыңыз.
2. Тоңазытқышты іске қосу үшін қуат сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3. Есікті ашыңыз да, ішкі жарық шамының жанатын-жанбайтынын тексеріңіз.
4. Температураны ең суық температураға қойып, шамамен бір сағат күтіңіз. Содан кейін тоңазытқыш
шамалы салқындайды да, қозғалтқыш қалыпты жұмыс істейді.
5. Тоңазытқыш орнатылған температураға жеткенше күтіңіз. Енді тоңазытқыш пайдалануға дайын.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқыш ток көзіне қосылғанда, сигнал естіледі. Ескерту сигналын сөндіру үшін <, O немесе > белгісін
түртіңіз.
Untitled-5 33 2020-08-19  11:09:11

Содержание

Похожие устройства

Скачать