Samsung RB36T774FSA/WT [80/216] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung RB36T774FWW/WT [80/216] Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ4 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a
пайдаланылған. Тоңазытқышта қандай салқындатқыш сұйық
қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың
жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі техникалық
ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Құрылғыда тұтанғыш газ
(R-600a салқындатқышы) қолданылса, құрылғыны дұрыс
тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Салқындатқыш сұйық аққан жағдайда газ бен ауа аралас
тұтанғыш қоспа пайда болмас үшін, құрылғы тұратын
бөлменің кеңдігі, салқындатқыш сұйықтың мөлшеріне
байланысты анықталады.
Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске
қоспаңыз. Егер күмәндансаңыз, дилерге хабарласып кеңес
алыңыз. Бөлменің ауданы R-600a салқындатқыш сұйығының
әрбір 8 грамына 1 м
3
болуға тиіс.
Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың мөлшері, құрылғының
ішіндегі техникалық параметр тақтайшасында көрсетілген.
Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа, тұтануы немесе
көзге зақым келтіруі мүмкін. Тоңазытқыш сұйық түтіктен
аққан кезде құрылғының қасында ашық оттың болмауын
қамтамасыз етіп, тұтанғыш заттарды алыс қойыңыз да,
бөлмені дереу желдетіңіз.
- Бұлай істемесеңіз, өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.
Тамақтың ластануын болдырмау үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
- Есікті тым ұзақ уақыт ашу құрылғы бөлімдеріндегі
температураның елеулі дәрежеде өсуіне әкелуі мүмкін.
- Тамақ тиіп тұратын беттерді және қолжетімді ағызу
жүйелерін жиі тазалап тұрыңыз.
Untitled-5 4 2020-08-19  11:09:09

Содержание

Похожие устройства

Скачать