Samsung RB36T774FSA/WT [117/216] Тағамды тиімді сақтаудың жолдары

Samsung RB36T774FSA/WT [117/216] Тағамды тиімді сақтаудың жолдары
Қазақ  41
Іске пайдалану
Тағамды тиімді сақтаудың жолдары
Тағамдардың ылғалдылығын сақтау және иістерін бір-біріне сіңірмеу үшін беттерін жауып сақтау керек.
Сорпа немесе бұқтырма тәрізді үлкен кәстрөлдегі тағамдарды таяз сауыттарға бөліп құйып, содан кейін
тоңазыту керек. Үлкен кесек етті немесе бүтін тауықты шағын бөліктерге бөліп немесе таяз сауыттарға
салғаннан кейін тоңазыту керек.
Тағамдарды орналастыру
Сөрелер
Сөрелер әр түрлі орамдарды орналастыру үшін реттеуге келетін болуы керек.
Арнайы бөліктер
Жеміс-көкөністерді сақтауға тұмшаланған салқын бөлік тартпалары тамаша жарайды. Көкөністер
ылғалдылығы жоғары, ал жемістер ылғалдылығы төмен сақтау жағдайларын қажет етеді.
Салқын бөліктер ылғалдылық деңгейін басқаратын құралдармен жабдықталған. (* Үлгілерге және
опцияларға байланысты) Температурасы реттелетін ет сақтау тартпалары ет пен ірімшіктердің сақтау
уақытын барынша ұзартады.
Есік сауыттарында сақтау
Тез бұзылатын тағамдарды есік сауыттарында сақтамаңыз. Жұмыртқаларды картон қапшықтарына
салынған күйде сөреге қойып сақтау керек. Есіктегі сауыттардың сақтау температуралары құрылғы
ішіндегі температуға қарағанда көбірек ауытқып тұрады. Есікті мүмкіндігінше үнемі жабық ұстаңыз.
Мұздатқыш бөлік
Мұздатқыш бөлікте мұздатылған тағамды сақтауға, мұз текшелерін жасауға және жаңа тағамды мұздатуға
болады.
Ұсынылатын температура
Тағам сақтау үшін ең оңтайлы температура:
Тоңазытқыш: +2 °C
Мұздатқыш: -18 °C
ЕСКЕРТПЕ
Әр бөлік үшін оңтайлы температура параметрі қоршаған ортаның температурасына байланысты.
Жоғардыда көрсетілген оңтайлы температура параметрлері қоршаған ортаның температурасы 25 °C
градус деген есеппен берілген.
Untitled-5 41 2020-08-19  11:09:13

Содержание

Похожие устройства

Скачать