Samsung RB36T774FSA/WT [91/216] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

Samsung RB36T774FSA/WT [91/216] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
Қазақ  15
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны орнатып, іске қосқаннан кейін тағам салар
алдында 2-3 сағат күтіңіз.
Тоңазытқышты міндетті түрде білікті техник маман немесе
сервис компаниясының орнатуын қатаң түрде ұсынамыз.
- Бұлай істемеген кезде, электр қатері, өрт, жарылыс,
құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі
пайда болуы мүмкін.
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Қуат ашасын су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы мүмкін.
Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
- Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам
жарақаттануы немесе және/не мүлікке зиян келуі мүмкін.
Қолдарыңызды, аяқтарыңызды немесе темір заттарды
(мысалы, тіс шұқығыш т.с.с.) тоңазытқыштың астыңғы немесе
артқы жақтарына салмаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе жарақат алуыңыз
мүмкін.
- Кез келген өткір қырлар жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Мұздатқыш бөліктің ішкі қабырғасын немесе мұздатқыш
бөліктің ішінде тұрған заттарды су қолмен ұстамаңыз.
- Теріні қарып кетуі мүмкін.
Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
- Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда
болуы мүмкін.
Untitled-5 15 2020-08-19  11:09:10

Содержание

Похожие устройства

Скачать