Samsung MS20A7118AW/BW [82/132] Ақыл кеңес

Samsung MS20A7118AW/BW [82/132] Ақыл кеңес
38Қазақ
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Қуат Уақыт (мин)
Бүтін тауық 900 г 180 Вт 28-30
Нұсқаулар
Алдымен, тауық еттерінің терісі бар жақтарын төмен қаратып
салыңыз, бүтін тауықтың төсін керамика табаққа қаратып салыңыз.
Қанаттарының ұштары тәрізді жұқа жерлерін алюминий фольгамен
жабыңыз. Жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз! 15-40 минут қоя
тұрыңыз.
Балық
Балық филесі 250 г (2 дана)
400 г (4 дана)
180 Вт 6-7
12-13
Нұсқаулар
Мұздатылған балықты керамика табақтың ортасына салыңыз. Жұқа
жерлерін қалың жерлерінің астына салыңыз. Жұқа жерлерін алюминий
фольгамен жабыңыз. Жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз! 5-15
минут қоя тұрыңыз.
Жеміс
Жидек 250 г 180 Вт 6-7
Нұсқаулар
Жемістерді жалпақ, дөңгелек шыны ыдысқа (диаметрі үлкен) салыңыз.
5-10 минут қоя тұрыңыз.
Нан
Булочкалар (әрбірі
шамамен 50 г)
2 дана
4 дана
180 Вт ½-1
2-2½
Тост наны/Сэндвич 250 г 180 Вт 4½-5
Неміс наны (Бидай +
қарабидай ұны)
500 г 180 Вт 8-10
Нұсқаулар
Булочкаларды дөңгелетіп немесе нанды көлденеңінен, бұрылмалы
табақтың ортасына қойылған ас үй қағазына салыңыз. Жібітудің орта
тұсына келгенде аударыңыз! 5-20 минут қоя тұрыңыз.
Ақыл-кеңес
Қатқан балды еріту
20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
300 Вт қуатпен 20-30 секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
Желатинді еріту
Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз.
Суы сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз.
300 Вт қуат бойынша 1 минут қыздырыңыз.
Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
Безендіргіш қоспа даярлау/Әрлеу (торттарға арналған)
Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су араластырыңыз.
Бетін жаппай пирекс шыны ыдысықа салып, 3½-4½ минут 850 Вт қуатпен, безендіргіш қоспа
мөлдір болғанша пісіріңіз. Пісіріп жатқанда екі рет араластырыңыз.
Тосап қайнату
600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар пирекс ыдысына
салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз. Қақпақ жауып 10-12 минут 850 Вт қуатпен
пісіріңіз.
Пісіріп жатқан кезде бірнеше рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы бар тосап банкасына тура
құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя тұрыңыз.
Пуддинг/Қайнатпа пісіру
Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), жақсылап
араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Қақпақ жауып, 6½ -
7½ минут 850 Вт қуатпен пісіріңіз.
Пісіріп жатқан кезде бірнеше рет жақсылап араластырыңыз.
Бадам жаңғағын қызарту
30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамика табаға біркелкі
таратып салыңыз.
3½ - 4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз.
Пештің ішінде 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
User_MS23A7118A_BW_DE68-04675C-00_KK.indd 38User_MS23A7118A_BW_DE68-04675C-00_KK.indd 38 27/7/2021 1:46:27 PM27/7/2021 1:46:27 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать