Vitek Safari VT-8248 [19/40] Қазақша

Vitek Safari VT-8248 [19/40] Қазақша
19
ҚАЗАҚША
Орнатудың дұрыстығын батырма-бекіткіштің (1) шыртылы
растайды.
Іске қосу алдында, электрлік желінің кернеуі құрылғының
жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Жұмыс режимдерінің ауыстырғышы (2) «0» күйінде
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Желілік баудың айыртетігін электрлік ашалыққа салыңыз.
Ауыстырғыш (2) көмегімен ауа ағынының қажетті
өлшемдерін белгілеңіз:
«0» – фен-қылшақ сөндірілген;
«1» – жоғары жылдамдық және жоғары температура;
«2»төмен жылдамдық және төмен температура;
«3» – жоғары жылдамдық және жоғары температура;
Суық ауаны беру режимін қосу қосқыштың (2) көмегімен
жүзеге асады. Суық ауа беру режимін қосу үшін қосқышты
(2) саптамаға қарай сырғытыңыз. Суық ауа беру режимін
өшіру үшін қосқышты (2) төмен сырғытыңыз.
Құрылғыны іске қосқанда (ауыстырғыш (2) «1», «2», «3»
күйінде) көрсеткіш (3) жанады, құрылығыны сөндіргенде
көрсеткіш (3) сөнеді.
Ескерту: Алғашқы пайдаланған кезде қыздырғыш элемент
тен бөтен иістің және түтіннің біршама көлемі пайда болуы
мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
Фен-қылшақпен жұмысты аяқтап, ауыстырғышты (2)
«0» күйіне белгілеп, оны сөндіріңіз және желілік баудың
айыртетігін электрлік ашалықтан шығарыңыз.
Фен-қылшаққа салқындауға уақыт беріңіз.
Қондырманы шешіңіз, бұл үшін батырма-бекіткішке (1)
басыңыз және қондырманы сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Қызып кетуден қорғаныс
Егер шығатын ауаның температурасы асып кетсе, қызып
кетуден қорғаныс жүйесі фен-қылшақты сөндіреді. Егер фен-
қылшақ пайдалану уақытында сөніп қалса, ауыстырғышты (2)
«0» күйіне белгілеңіз, желілік айыртетікті электрлік ашалықтан
суырыңыз және кіретін және шығатын саңылаулардың
бөгеттелмеуін тексеріңіз. Құрылғыға 5-10 минут бойы
салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін қайтадан іске қосыңыз.
Фен-қылшақты пайдаланған уақытта ауа саңылауларын
бөгеттемеңіз және оның ауатартқыш саңылауына шаштың
түсуіне жол бермеңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Фен-қылшақ тек тұрмыста пайдалануға арналған.
Ауыстырғышты (2) «0» белгілеңіз, фенді электрлік желіден
ажыратыңыз және оған салқындауға уақыт беріңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать