Haier HOQ-F5AABX [106/161] Кепілдік және сервистік қызмет көрсету

Haier HOQ-F5AABX [106/161] Кепілдік және сервистік қызмет көрсету
52
КЕПІЛДІК ЖӘНЕ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Құрметті сатып алушы!
S401 кеңсе, Хайер бренд билдинг, Хайер Индастри парк Хай-тек зон, Лаошан Дистрикт, Циндао, Қытай мекенжайы бойынша тұрған "Хайер"
компаниясы, сіздің таңдауыңыз үшін сізге алғыс білдіреді, осы бұйымның жоғары сапасы мен мүлтіксіз қызмет етуіне оның пайдалану ережелерін
сақтағанда кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған тұрмыстық техникалардың ресми қызмет ету мерзімі – теледидарға 5 жыл,
планшеттік компьютерлер, ноутбук және телевизиялық ойнағыштарға 3 жыл, робот-шаңсорғыш сорғыштара 4 жыл, мобильді телефон мен
гироскутер,ге 2 жыл, ал қалған тауарларды тұтынушыға бұйымды берген сәттен бастап берген сәттен бастап 7 жыл беріледі. Өнімнің жоғары
сапасын есепке алғанда пайдаланудың нақты мерзімі ресмиден айтарлықтай артып кетуі мүмкін. Бұйымның қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу және ұсыныстар алу үшін, Хайер авторландырылған серіктестігіне жүгінуді ұсынамыз.Қызмет ету
мерзімі аяқталған соң профилактикалық жұмыс жүргізіп, кеңес алу үшін, авторланған сервистік орталыққа жүгінуге кеңес береміз. Бүкіл өнім
пайдаланудың жағдайларын есепке алумен жасалған және техникалық талаптарға сәйкестікке тиісті сертификаттаудан өткен. Жаңсақтықтарға
жол бермеу үшін, сізден сатып алғанда пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен, кепілдікті міндеттемелермен мұқият танысып алуды және кепілдік
талонның дұрыс толтырылуын тексеруді сұраймыз. Кепілдік талон қате немесе толық емес толтырылған жағдайда сатушы ұйымға жүгініңіз.
Бұл бұйым тұрмыстық мақсаттың техникалық күрделі тауары болып табылады. Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды немесе қосылуды
талап ететін болса, сізге Хайер Авторландырылған серіктесіне жүгінуді табанды түрде ұсынамыз. Осы кепілдік талонмен «Хайер» Корпорациясы
бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен
бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, «Хайер» Корпорациясы
төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдікті, сонымен қатар қосымша сервистік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне
қалдырады.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет көрсету тек қана белгіленген үлгідегі кепілдік талонымен жиынтықталған бұйымдарға қатысты болады.
«Хайер» Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кеплідік мерзім белгілейді және тауар тұтынушыға табысталған
күннен бастап 36 ай бойы қосымша сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді*. Ықтимал жаңсақтықтарға жол бермеу үшін, қызмет ету мерзімі ішінде
бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарық чек, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, кепілдік талоны) сақтап қойыңыз.
Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсету— Өндірушінің кінәсінен бұйымда пайда болған ақауларды тұтынушы үшін тегін жою. Бұндай қызмет
тек қана бұйым иесі тауарлық және кассалық чектерді, бұйымды сатып алу дерегін растайтын басқа құжаттарды ұсынғанда ғана көрсетіледі.
Кепілдікті қызмет көрсетуді тек қана Хайер Авторландырылған серіктестері жүргізеді. Авторландырылған серіктестердің ЕАЭО өңіріндегі толық
тізімін сіз келесі телефондар арқылы «Хайер» Ақпараттық орталығында біле аласыз:
8-800-250-43-05 – Ресейдегі тұтынушылар үшін (Ресей өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
8-10-800-2000-17-06 - Беларусьтегі тұтынушылар үшін (Беларусь өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
0-800-308-989 - Украинадағы тұтынушылар үшін (Украина өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
00-800-2000-17-06 – Өзбекстандағы тұтынушылар үшін (Өзбекстан өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
немесе сайтта: www.haier-europe.com арқылы не help@haieronline.ru электронды поштасына өтінім беру арқылы.
Авторландырылған серіктестердің деректері өзгеруі мүмкін, анықтамалар үшін «Хайер» Ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдік бойынша немесе қосымша сервистік қызмет көрсету кемшілігі тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау немесе тасымалдау шарттары
мен ережелерін бұзуы нәтижесінде;
—бұйымды дұрыс орнатпауы және/немесе қоспауы нәтижесінде;
— салқындату контуры мен электрлі қосылыстармен жұмыс істеу технологиясын бұзу, сонымен қатар бұйымды орнатуға құжатпен расталған
біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану туралы нұсқаулықтағы талап бойынша бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетпеу;
— су жеткізу желісінің қысымы тым жоғары немесе тым төмен болуы нәтижесінде;
— бұйымның осы типіне сай келмейтін қуатты жуғыш құралдар қолдану, сонымен қатар кеңес берілген мөлшерден артық қолдану, бұйымды ол
арналмаған мақсатта пайдалану нәтижесінде;
— үшінші тұлғалардың әрекеті: өкілеттігі жоқ тұлғалардың дайындаушы рұқсат етпеген құрылымдық немесе схемотехникалық өзгеріс енгізуі не
жөндеуі нәтижесінде;
— Мемлекеттік Техникалық Стандарттар мен жеткізу желілерінің нормаларынан ауытқу нәтижесінде;
— ырық бермейтін күш (табиғи апат, өрт, найзағай және т.б.) әсері;
— қайғылы жағдай, тұтынушының немесе үшінші тұлғаның қасақана не абайсызда істеген әрекеті;
— бұйымның ішіне бөгде заттар, сұйықтық, жәндіктер мен олардың нәжісі түсуі нәтижесінде;
— суға толмаған/толық толмаған су жылытқыш багының қорғанысы іске қосылуы нәтижесінде болған ақауларға таралмайды. Кепіл бойынша
немесе қосымша сервистік қызмет көрсету мынадай жұмыстарға қолданылмайды:
— бұйымды қолдану орнына орнату және қосу;
— бұйымды пайдалану бойынша нұсқау беру;
— бұйымның ішін немесе сыртын тазалау.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет көрсетуге мынадай шығыс материалдары мен аксессуарлар жатпайды:
— кондиционерлерге арналған сүзгілер;
— кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарға арналған су тарту/ағызу сүзгілері, құбыршектері;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршек, түтікше, қылшақ, саптама, шаң жинағыш, сүзгілер;
— қысқа толқынды тұмшапештерге арналған тәрелке, істік, тор, ыдыс және демеуіштер;
— тоңазытқышта азық-түлік сақтауға арналған сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, жәшіктер, демеуіштер мен басқа да ыдыстар;
— басқару пульті, аккумулятор батареялары, қуаттау элементтері, сыртқы қорек блоктары және зарядтау құрылғылары;
бұйымға қоса берілетін құжаттар.
Бұйымға мерзімдік қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге, соның нәтижесінде оған кепілді қызмет көрсетуге мүмкіндік
бермейді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіруші маңдайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті
міндеттемелерді орындаудан бас тарту себебіне айналуы мүмкін.
*қосымша сервистік қызмет көрсету электрлі су жылытқыштар, қысқа толқынды тұмшапештер, HRB-331 модельді тоңазытқыштар, мұздатқыштар,
газ плиталар, шаңсорғыштар, робот-шаңсорғыштар, теледидарлар, теледидар сүйенішін, планшеттік компьютерлер, ноутбуктар, мобильді
телефондарды, гироскутерлерді қамтымайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать