Artel VCC 4530 Vinous [62/100] Қазақша

Artel VCC 4530 Vinous [62/100] Қазақша
62
Қауіпсіздік жəне сақтық шаралары
Шаңсорғышты лас еден (паркет, кілем, кафель) сияқты бұйымдарды құрғату жолымен
тазалау үшін ғана пайдаланыңыз. Жиһаз яки автомобильді тазалау үшін жинақталымға
кіретін арнайы қылшақтарды немесе саптамаларды қолданыңыз. Сатыларды тазалаған
кезде абай болыңыз, шаңсорғыш Сіздің қалып-күйіңізден төмен болуы керек.
ТЫҢДАҢЫЗДАР: Əсіресе мына амалдарды орындауға тыйым салынады:
- Шаңжинағышы я орнатылған сүзгілері жоқ шаңсорғышты пайдалану. Бұл – мотордың
сынып қалуын келтіруі мүмкін;
- Шаңсорғышқа жақын жерде тез жарылғыш/ тез тұтанғыш материалдар мен заттарды
пайдалану. Тұтану немесе жарылу қауіптілігі бар;
- Шаңсорғыштың тесіктерін жабу. Бұл – қызып кетуге немесе бұзылуға келтіруі мүмкін;
- Шаңсорғышты өз бетімен жөндеуге талаптану;
- Шаңсорғышты сорғалап ағатын сумен жуу;
- Сулы нəрселерді жəне адам денесінің мүшелерін шаңсорғышқа тигізу;
- Шаңсорғыш істеп тұрғанда оны қараусыз қалдыру;
ТЫҢДАҢЫЗДАР: Мына заттар мен нəрселердің шаңын сору:
- Малдар, өсімдіктер, əсіресе саусақтар мен дененің басқа да мүшелері, сондай-ақ
əртүрлі ұсақ та ірі бұйымдар; перделер, киім-кешек, соның ішінде адамға киінген киім.
Бұл –жарақатқа немесе шаңсорғыш жұмысын бұзуға келтіруі мүмкін;
- Су жəне басқа да сұйықтықтар, ылғалды беттер. Шаңсорғыштың ішіндегі ылғал қысқа
тұйықталуға келтіруі мүмкін;
- Лазерлік принтер, көшіру аппараты сияқты бұйымдардың тонері. Тұтану не жарылу
қауіптілігі бар;
- Тез тұтанғыш заттар (ыссы күл, түтіндеген сигарет, жағылған сіріңке, темекі тұқылы,
еріткіштер, жарылғыш жəне уландырғыш заттат жəне т.с.с.). Бұл – өртке не жарылысқа
келтіруі мүмкін;
- Шыны жарықшақтары, металл жоңқасы, шеге жəне сол сияқты қадалғыш нəрселер.
Олар шаңсорғышты бұзып қоя алады;
- Шағыл, гипс, цемент, бұрғылаудан болатын ұсақ шаң, макияж жəне т.б. Бұлар
шаңсорғышқа зақым келтіруі мүмкін.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: Шаңсорғышты ашық ауада пайдалануға болмайды, өйткені
жаңбыр суы яки балшық оның ішіне түсіп қалуы мүмкін, ал бұл өз кезінде оның
жұмысқа қабілеттілігін нашарлатып, сыртқы көрінісін бұзып қоя алады.
ЕСКЕРТПЕ: Өндіруші жоғарыда айтылған ескертпелердің орындалмағандығы үшін,
адамдар мен малдардың өміріне қауіп төндіре алатын, сондай-ақ əртүрлі бұйымдарға
зиян келтіре алатын, шаңсорғыштың іске бұрыс қосылғаны үшін жауапкершілікті
мойнына алмайды.
ҚАЗАҚША
Дұрыс пайдалану жөнінде ақпарат

Содержание

Похожие устройства