Artel VCC 4530 Vinous [64/100] Қазақша

Artel VCC 4530 Vinous [64/100] Қазақша
64
Шаңсорғыштың жұмыс істеу принципі мынаған сүйенеді: электрқозғалтқыштың
айналатын қалақтары ауа ағысын шаңсорғыштың корпусынан итеріп шығарады.
Шаңсорғыштың ішінде вакуум пайда болады, сондықтан айналадағы ауа ағыны саптама
мен шланг арқылы шаңсорғыштың ішіне сорылады. Сөйтіп пайда болған ауа ағыны зор
жылдамдықпен шаң бен ласты өзімен бірге айдап əкетеді. Одан кейін ауа қапшығы не
контейнері бар шаңжинағыштан жəне шаң бен ласты ұстап қалушы сүзгіден тұратын
негізгі жүйені тесіп өтеді. Сонан соң, ауа ағыны бөлінетін жылуды өзімен бірге əкету үшін,
қозғалтқыш пен қалақтан тұратын блоктан өтеді де, ақырында шығыс сүзгіден сыртқа
шығады.
Дайындық жəне жұмыс тəртібі.
Жұмыс істеу принципі.
Қызып кетуден қорғайтын құрылғы
Тап осы шаңсорғыш оның моторы артық жүктелген кезде оның өзін электр желісінен үзіп
тастайтын термостатпен жабдықталған болатын. Егер шаңсорғыш кенеттен үзіліп қалса,
оны сөндіріп, қорек баусымының ашасын розеткадан суырып алыңыз.
- Электрқоректендірудің розеткада барына көз жеткізіңіз. Бұл үшін, электр тогынан
болатын зақымнан аман болуға өз ісін жетік білетін электрикке жүгініңіз;
- Қызып кетудің болуы мүмкін (мысалы, аса толып кеткен шаңжинағыш, түтіктің,
шлангтың яки сүзгінің (-лердің) бітеліп қалуы жəне т.б. сияқты) себептерін тексеріп,
оларды жойыңыз.
- Табылған себептерді жойған соң, шамамен 40 минут күте тұрыңыз да, шаңсорғышты
қайтадан электрмен қоректендіру желісіне жалғап, іске қосыңыз.
Егер шаңсорғыш іске қосылмаса, Artel компаниясының авторластырылған сервис
орталығына жүгініңіз.
Шаңсорғышты құрастыру жəне оның жинақтаушы бұйымдарын орнату
ЕСКЕРТПЕ: Жарақат алу я шаңсорғышты бұзып қою қауіптілігі бар! Саптамалар мен
басқа да жинақтаушы бұйымдарды шаңсорғыш қоректендіру көзінен ажыратылған
кезде ғана қосыңыз. Ондай болмаған жағдайда шаңсорғыш шаштарды, киімді,
бұйымдарды жəне т.б. сора бастай алады.
ТЫҢДАҢЫЗДАР: Құрастырудан бұрын орнатылатын саптаманың тазалануға
жататын бетке жəне т.б. тура келетініне көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, едендік жабын
өндірушісінің кеңесіне назар аударыңыз.
ЕСКРЕПТУ: Кейбір жинақтаушы бұйымдардың, мысалы, қылшақ не шлангтың шешіліп
кетуін болдырмау үшін олардың керек орнында берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
1. Шлангты іске қосу үшін, оны шаңсорғыштың корпусына тығыздап қондырыңыз (сонда
шертпек дыбысы естілу керек) (1-сурет).
- Шлангты ажырату үшін ажырату батырмасын басып, шланг ағытпасын ойықтан суырып
алыңыз;
ҚАЗАҚША

Содержание

Похожие устройства