Artel VCC 4530 Vinous [63/100] Қазақша

Artel VCC 4530 Vinous [63/100] Қазақша
63
Жекелеген топ адамдарына арналған пайдалану шарттары
- Сегіз жəне одан да үлкен жастағы балалар, дене шынықтыру, сезу жəне ойлау
қабілеттіктері шектеулі жəне жеткілікті білімі мен тəжірибесі жоқ адамдар, егер олар
біреудің қарауында болса, немесе шаңсорғышты дұрыс пайдалану туралы нұсқау оларға
берілген болса, əлде олар қауір-қатердің дəрежесін аңғара білсе, осы шаңсорңыштарды
пайдалана алады;
- Балаларға шаңсорғышпен, оның жинақтаушы бұйымдарымен ойнауға болмайды;
- Үлкендердің қарауынсыз қалған балаларға шаңсорғышты не оның жинақтаушы
бұйымдарын тазалау жəне қызмет көрсету жұмыстарын орындауға болмайды;
- Жасы 8-ден кіші балаларға істеп тұрған немесе электр желісіне қосылған
шаңсорғыштың қасына келуге тыйым салынады.
ЕСКЕРТПЕ: Буып-түйетін материалды ойнау үшін пайдалануға болмайды. Тұншығу
қауіптілігі бар.
Электрмен қоректендіру жөнінде ақпарат
Шаңсорғыш электр энергиясымен жұмыс істейді, ал бұл – электр тогынан болатын
зақымдану қауіптілігі əрдайым бар екенін білдіреді. Сондықтан, мына ережелерді
орындаңызшы:
- Шаңсорғышты ешқашан суға я өзге сұйықтыққа батырмаңыз, жаңбыр суы мен ылғалдан
алысырақ сақтаңыз жəне пайдаланыңыз;
- Сулы қолдарды баусымның ашасына ешқашан тигізе көрмеңіз. Шаңсорғышты үйдің
сыртында немесе ылғалдық дəрежесі жоғары бөлмеде пайдаланбаңыз;
- Бұралып, қысылып яки бүрісіп қалған желілік баусымның қамына кірісіңіз. Оның жылулық
көзімен түйісіп қалмағанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, айналадағы адамдардың оған
сүрініп қалмауы туралы ойланыңыз;
- Қорек көзіне қосылар алдында шаңсорғыштың техникалық сипаттамасымен танысыңыз;
- Шаңсорғышты пайдаланудан бұрын қорек баусымын, оның ашасын болуы мүмкін
зақымның жоқтығына үнемі тексеріп тұрыңыз. Олар бұзылған жағдайда шаңсорғышты
пайдалануға тыйым салынады. Сонда оларды Artel авторластырылған сервис
орталықтарында ауыстыру керек;
- Шаңсорғышты ешқашан оның қорек баусымынан ұстап тасымаңыз. Бұл – оның
бұзылуының жəне қысқа тұйықталу қауіптілігінің себебі болып қалуы мүмкін. Ондай іске
шаңсорғыштың тұтқасын пайдаланыңыз;
- Шаңсорғышты тазалауға не жөндеуге кіріспес бұрын оны сөндіріп, қорек баусымының
ашасын электр желісінің розеткасынан суырып алыңыз;
- Егер Сіз шаңсорғышты электр желіснен ажыратпақ болсаңыз, ашаны тікелей ұстап,
өзіңізге қарай тартыңыз. Қорек баусымын əртүрлі жақтарға тартуға болмайды, өйткені
бұл – оның бұзылуына немесе электрлік розеткадағы қысқа тұйықталуға келтіруі мүмкін;
- Ұзартқыштарды пайдалануға болмайды. Бірақ, қажет болған жағдайда, су жұқпайтын
баусымы бар жəне шаңсорғыштың тұтыну қуаттылығына, электр желісінің кернеуіне
тура келетін ұзартқыштарды ғана пайдаланыңыз;
- Егер қорек баусымының ашасы розеткадан алынған болса, сонда ғана шаңсорғыш
электр желісінен ажыратылған болып есептеледі.
ҚАЗАҚША

Содержание

Похожие устройства