Vitek VT-2350 [13/28] Қазақша

Vitek VT-2350 [13/28] Қазақша
13
ҚАЗАҚША
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын
полиэтилен қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі!
Құрылығыны электр желісінен сөндіргенде,
ешқашан желілік баудан тартпаңыз, желелік
айыреттіктен ұстаңыз және оны электрлік
ашалықтан ұқыпты шығарыңыз.
Желі бауы немесе желі бауының ашасында
зақымдалулар болса, егер құрылғы
іркілістермен жұмыс істесе, сонымен бірге ол
құлаған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе баламалы білікті маман
ауыстыруы тиіс.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өз бетіңізбен
бөлшектемеңіз, кез-келген ақаулықтар
пайда болғанда қоректендіру элементтерін
батареялық бөліктен шығарыңыз және кепілдік
талоны мен www.vitek.ru сайтында көрсетілген
хабараласу мекен-жайлары бойынша кез-
келген туындыгерлес (өкілетті) қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тек зауыт қаптамасында тасымал-
даңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДА ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағ дайында
тасымалдаған немесе сақта ған кезде, оны
бөлме температурасында үш сағаттан кем
емес уақыт бойы ұстау қажет.
Ылғалдатқыштың ішінде судың іздері болуы
мүмкін бұл қалыпты құбылыс, себебі құрылғы
сапа бақылауынан өтті.
Құрылғыны ораудан шығарыңыз және құрыл-
ғының жұмыс істеуіне кедергі болатын кез-
келген жапсырмаларды жойыңыз. Құрылғының
бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінулер болған
жағдайда аспапты іске қоспаңыз.
Суға арналған сұйық қойманы (4) шешіп алыңыз
және тасымалдау пластмассалы деталін алып
тастаңыз.
Құрылғыны іске қосу алдында электр желісінің
кернеуі құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы жиілігі 50 Гц немесе 60 Гц айнымалы
ток желісінде жұмыс істеуге арналған,
құрылғының талап етілген номиналдық жиілікте
жұмыс істеуі үшін ешқандай баптау талап
етілмейді.
Ескерту:
Ылғалдатқышты панажайдағы темпе-
ратура +10°C-ден +40°C-ге дейін және
салыстырмалы ылғалдылығы 80% төмен
болғанда пайдаланыңыз.
Пайдаланылатын судың температурасы
+40°С-ден жоғары болмауы керек.
ЫЛҒАЛДАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
«Бу» шығару шүмегінен (1, 2) және қақпақты (3)
сұйыққоймадан (4) шешіп алыңыз.
Сұйыққойманы (4) мотор блогынан (8) шешіп
алыңыз.
Сұйық қойманы (4) қажетті су мөлшерімен
толтырыңыз.
Ескертпе: - суға арналған тұрмыстық су
сүзгісінен қосымша тазартудан өткен суды құю
ұсынылады.
Толтырылған сұйыққойманы (4) мотор блогына
(8) орнатыңыз.
Сұйық қойманы (4) қақпақпен (3) жабыңыз.
Желілік бау айыртетігін ашалыққа салыңыз.
Ескертпелер:
жұмыс режимдерін таңдау және орнату
батырмалары сенсорлы, қажетті жұмыс
режимін қосу үшін, батырманы түрту
жеткілікті, белсенді батырманы түрту
дыбыстық белгімен сүйемелденеді.
Қосу/сөндіру батырмасын (11) басу арқылы
ылғалдағышты қосыңыз дыбыстық белгі
естіледі және LED-дисплейде (9) таңбалар
жолы (15) және (16, 17, 18, 19) жанады.
Ылғалдағыш жұмыс істеп тұрған кезде
дисплейде үй-жайдағы ағымдық температура
мен үй-жайдағы (15) ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы кезекпен көрсетіледі.
«Будың» шығу қарқындылығын таңдау үшін
басқару панеліндегі (10) батырмаға (12)
дәйектеп басып отырыңыз. Қарқындылық
режимі LED-дисплейде таңбалар (16) арқылы
көрсетіледі. Барлығы қарқындылықтың үш
режимі қолжетімді:
«төменгі» - «1» цифрі көрсетіледі;
«орташа» - «2» цифрі көрсетіледі;
«жоғарғы» - «3» цифрі көрсетіледі.
Үй-жайдағы салыстырмалы ылғалдылықты
(гигростат қызметін) режимін таңдауды орнату
үшін батырманы (13) дәйектеп басыңыз.

Содержание

Похожие устройства