Vitek VT-2350 [14/28] Қазақша

Vitek VT-2350 [14/28] Қазақша
14
ҚАЗАҚША
Үй-жайдағы салыстырмалы ылғалдылықты
қалаған деңгейін 45%-дан бастап 90%-ға
дайінгі диапазонда қадамы 5% орната аласыз,
ылғалдылық деңгейі LED-дисплейде таңбалар
(18) арқылы көрсетіледі.
Түнгі жарықты/ұйықтау режимін қосу үшін
батырманы (14) дәйектеп басып отырыыз:
бірінші басу түнгі жарық режимін басуды
қосу, жеті түстің автоматты түрде кезекті
түрде ауысуы;
екінші рет басу түнгі жарықтың таңдалған
түсін бекіту;
3-тен 9-ға дейін басу бекітілген режимде
түнгі жарықтың қалаған түсін таңдау;
10 рет басу – түнгі жарықтың сөндірілуі;
батырманы (14) 3 секундтан артық уақыт
басып тұру ұйықтау режимін қосу/сөндіру
режимі, осы ретте «2» орташа будың шығу
қарқындылығының режимі қосылады.
«Таймер» қызметі таймер жұмысының уақытын
1-ден бастап 8 сағат (қадамы 1/2/4/8 сағ.)
диапазонында қоюға мүмкіндік береді бұл
қызмет TuyaSmart мобилдік бағдарламасы
арқылы ғана қолжетімді.
Ылғалдағышты TuyaSmart арқылы басқарудың
толық сипаттамасы бағдарламаны Tuya Smart
APP пайдалану бойынша қосымша нұсқаулықта
сипатталған.
Сұйыққоймадағы (4) су аяқталған кезде,
дисплейде (9) судың жеткіліксіз мөлшерінің
таңбасы қызыл түспен жанады .
Қосу/сөндіру батырмасын (11) басып,
ылғалдағышты сөндіріңіз, осы ретте дисплейегі
(9) барлық таңбалар сөнеді. Желілік баудың
айырын розеткадан суырыңыз. Сұйыққоймаға
(4) су толтырып, оны орнына қойыңыз және
құрылғыны қосыңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін қосу/сөндіру
батырмасын (11) басып, ылғалдағышты
сөндіріңіз, желі бауының ашасын розеткадан
суырып алыңыз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Ескерту! Құрылғыны тазалау немесе оған
қызмет көрсету алдында үнемі сөндіріңіз.
Суға арналған сүзгі
Орнатылған суға арналған керамикалық су
сүзгісі (6) тұрақты болып табылады, және
ауыстыруды қажет етпейді, әрбір 3–5 күн сайын
сүзгіні (6) шешіп алып су құбыры суымен жуып
отырыңыз, содан кейін орнына орнатыңыз.
Ескертпе: - сүзгі (6) суды минералды
шөгінділерден толық тазарта алмайды, және
суды тазартудың қосымша құралы болып
табылады.
Кермек су ылғалдағыштың жұмыс
бөліктерінде минералды шөгінділердің пайда
болуына себеп болады: деңгей бергішінде (5),
сүзгіде (6), қалтқыда (7) және суға арналған
сұйыққоймада (4) бұл ылғалдағыштың
нашарлауына және интерьер заттарында ақ
қақтың пайда болуына себеп болады.
Бұған жол бермеу үшін ылғалдағыштың
жұмыс бөліктерін апта сайын тазалап,
сұйыққоймадағы (4) суды мүмкіндігінше жиі
ауыстырып отыру керек.
Сіз ылғалдағышты ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз: сұйыққоймадан
(4) суды ағызыңыз, сұйыққойманы (4)
шайыңыз және ылғалдағыштың жұмыс
бөліктерін шайыңыз және тазалаңыз, мұқият
құрғатыңыз және құрылғыны сақтауға
қойыңыз.
Апта сайынғы күтім
Аптасына бір рет суға арналған сұйыққойманы
(4) және ылғалдағыштың жұмыс бөліктерін
бейтарап жуғыш құралдың ерітіндісімен жуып
отырыңыз.
Одан кейін оларды сумен әбден шайыңыз.
Тазартқыш құралдың 5-10 тамшысын шүмекке
(1) тамызыңыз, 2-5 минуттай күте тұрыңыз.
Қылшақты пайдаланып, шүмектің (1) бетінен
қақты кетіріңіз.
Ескертпе: «Бүріккішке» арналған тазартқыш
құрал ретінде шайнектердегі қақты кетіруге
арналған құралды қолдануға болады.
Ылғалдағыштың мотор блогын (8) жұмсақ, сәл
ғана ылғалды матамен сүртіңіз, одан кейін
оны құрғатып сүртіңіз.
Ылғалдағыштың мотор блогын (8), желі бауын
және желі бауының ашасын суға немесе басқа
да сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
Ылғалдағыштың моторлық блогы (8) ішіне
сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.
Мотор блогының бетін (8) және суға арналған
сұйыққойманы (4) тазалау үшін еріткіштерді
немесе абразивтік тазалайтын құралдарды
қолдануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз және оны сақтауға салып қойғыңыз
келсе, ылғалдағыштың барлық бөліктері,
сонымен қоса сүзгі (6) мен жұмыс бөліктері
құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны сұйыққоймадағы (4) сумен бірге
сақтамаңыз.
Ылғалдағышты құрғақ, қараңғылатылған және
салқын, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.

Содержание

Похожие устройства