KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [69/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [69/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
69
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
«Киімді қосып салу» функциясы.
Бағдарлама іске қосылған кезде, машинаның жұмысын кідірту үшін «Бастау/
Кідірту» тарт/Пауза) батырмасын басып тұрыңыз. Егер «Есікті бұғаттау» индикато-
ры сөніп қалса, есік ашық болуы мүмкін, сол кезде кір киімдерді қосуға немесе алып
тастауға болады. Осыдан кейін есікті жауып, «Бастау/Кідірту» (Старт/Пауза) батыр-
масын қайта басып, ұстап тұрыңыз, машина жұмысын тоқтатылған жерден бастап
жалғастырады.
«Автотеңгерім» функциясы.
Аспапта біркелкі емес жүктемені анықтайтын автоматты жүйе бар. Егер кір киім
жуу кезінде біркелкі бөлінбеген болса, аспап сығар алдында кірді біркелкі тарата-
ды. Егер кір жуатын машина белгіленген уақытта кірді біркелкі тарата алмаса, қатты
дірілдің алдын алу үшін жұмыс уақытша тоқтатылады. Жұмысты жалғастыру үшін
киімдердің бір-біріне бұралып қалмағанын тексеру керек, егер бұралып қалған бол-
са, қолмен тарқату қажет. Осыдан кейін «Сығу» бағдарламасын іске қосыңыз.
Джинсы, свитер, ванна сүлгілері және т.б. осындай аздаған мөлшердегі киімді
жуу кезінде машина автотеңгерімнің болмауына байланысты сығу процесін аяқтай
алмауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ірі және шағын киімдерді мүмкіндігінше бірге
жиі жуып, біркелкі тарату процесін жеңілдетіп, сығу процесінің дұрыс аяқталуына
мүмкіндік беру қажет.
«Ауамен жуу» функциясы
Бұл бағдарлама киімдегі шаңды кетіруге, оны тегістеуге, жағымсыз иістерден
құтылуға мүмкіндік береді.
Желдеткіштің және циркуляциялық ауа өткізгіштің көмегімен жоғары қысыммен
барабанға жоғары температуралы ауа ағыны беріледі, күшті ауа ағыны жасала-
ды, соның арқасында мата талшықтары толығымен түзуленіп, киім бастапқы
жұмсақтығы мен икемділігіне ие болады. Бұл жағдайда киім шаң мен қылшықтардан
тазаланып, қыржықталған жерлері тегістеледі, жағымсыз иістер жойылады, киім
өзінің бұрынғы өңіне қайта келеді.
«Ауамен жуу» функциясы костюмдер, мақта бұйымдары, жүн және басқа да киім-
дер үшін жарамды. Жаңа киімге тамақтың иісі сіңіп қалған болса, сондай-ақ шағын
төсек-орын заттарын жаңалау үшін «Ауамен жуу» циклын пайдалануға болады.
Ауамен тазартылған киім басқа тәсілдермен өңделген киіммен салыстырғанда
айтарлықтай жақсы тазарады оның бойында химиялық заттардың іздері қалмайды,
жұмсарады, киім ұзақ киіледі, пішінін жоғалтпайды және өңдеу нәтижесінде
түссізденбейді, мата талшықтарының тозу жылдамдығы айтарлықтай төмендейді.
Қорғау
Сығу кезінде киім барабан ішінде дұрыс таралмауы мүмкін. Машина сығу кезінде
киімді автоматты түрде қайта бөлу функциясымен жабдықталған, содан кейін сығу
бағдарламасы жалғастырылады.
Егер киімді қайта бөлудің (сілкілеудің) автоматты функциясын орындалғаннан кейін
киім қажетті түрде таралмаса, онда кір жуғыш машинаның дірілінің артуына жол бер-
меу үшін сығу жылдамдығы төмендетіледі.
Машинаға салынған кір киім көлемі тым аз болған жағдайда (1 кг-нан аз), сығу режимі
автоматты түрде күшін жоюы мүмкін. Киім саны аз мөлшеріне болуына байланысты

Содержание

Похожие устройства

Скачать