KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [71/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [71/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
71
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Суырылып алынбаған жуғыш құрал контейнерін
сумен жууға болмайды. Кір жуатын машинаны іске қоспас бұрын, жуғыш
зат контейнерінің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
СУ АҒЫЗАТЫН СҮЗГІНІ ТАЗАРТУ
Су ағызу және су құю сүзгілерін тазалауды әр 6 ай сайын жүргізу керек:
1 Сүзгі қақпағын ашыңыз.
2. Сүзгіні бұрап алыңыз, қалған суды төгіп тастаңыз, су төгетін сорғының сүзгісіндегі
барлық бөгде заттарды алып тастаңыз.
3. Сүзгіні қайта орнатыңыз.
СУ БЕРУ СҮЗГІЛЕРІН ТАЗАЛАУ
Дисплейде «Сығу» индикаторы жануы үшін «Бағдарлама» батырмасын, содан кейін
сығу жылдамдығын цифрлық дисплейде көрсетілген « — » күйіне орнату үшін «Сығу»
батырмасын, содан кейін «Бастау/кідірту» тарт/Пауза) батырмасын басыңыз. Сорғы
барабандағы суды ағызып болғанша бірнеше секунд күтіңіз.
Су келмеуі үшін және оны қайта ағызып жатпау үшін шүмекті жабыңыз. Аспапты
өшіріңіз. Қоректендіру ашасын ажыратыңыз.
Су ағызатын сүзгі қақпағын ашыңыз.
Қалған суды қолайлы контейнерге ағызып алу үшін сорғыға кіретін тесікте
орналасқан су ағызатын шлангыны қолданыңыз (20 литрге дейін су төгуге бола-
ды). Шлангының қорғаныш қақпағын алыңыз да, шлангыны контейнердің шетіне
қойыңыз, судың әбден ағуына мүмкіндік беріңіз. Аяқтағаннан кейін шлангының
ұшына бітеуіш орнатып, шлангыны орнына қойыңыз.
Сорғының қақпағын шешіп алу үшін оны сағат тіліне қарсы бұраңыз. Қақпақты алып
тастағанда аз мөлшерде қалдық су ағып кетуі мүмкін. Қоқыс немесе бөгде заттар-
ды алып тастау арқылы сорғы шлангысының ішін тазалаңыз. Сорғы корпусының
артқы жағындағы қанатша енді еркін айналып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Сорғы
қақпағының корпусы мен бұрандасынан талшықтар, түктер, жіптен немесе жуғыш
заттың қалдықтарын алыңыз. Сорғының қақпағын мықтап бұрап, орнына қойыңыз.
Су ағызатын сүзгі қақпағын жабыңыз. Төгілген суды сүртіңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Барлық электрондық компоненттерді (аша, электр бауы, компрессор және т.б.)
1 2
3 4

Содержание

Похожие устройства

Скачать