KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [70/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [70/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
70
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
жоғары жылдамдықпен сығу шамадан тыс діріл тудыруы және машинаның сынуына
әкелуі мүмкін.
Кірді қайта бөлу (сілкілеу) қажеттілігі жуу бағдарламасын орындау ды ұзарта түседі.
Aquastop функциясы.
Aquastop функциясы ішкі негіздегі судың ағып кетуін анықтайды, жұмысын
тоқтатады және барабан арқылы асып кетпеуі және кір жуғыш машинадан төгілмеуі
үшін суды автоматты түрде сорып шығарады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кір жуатын машинаның және есік тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Жуар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз!
1. Кір жуатын машинаның корпусының сыртын сұйық жуғыш құрал араластырылған
жылы суға батырылған таза шүберекпен сүртуге болады. Сосын құрғақ сүлгімен
әбден құрғату қажет.
2. Машинаның бетін сызып тастауы мүмкін өткір металл қырғыштарды, жебір және
абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
3. Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынын пайдаланбаңыз, өйткені ішіне өтіп
кеткен ылғал электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін.
4. Тазалап болғаннан кейін электрмен қуаттандыру бауы бүлінбегенін тексеріңіз. Со-
дан кейін ашаны розеткаға қыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Абразивті заттарды, бензинді, бензолды, еріт-
кішті, хлоргидратты, ыстық суды, металл немесе тұрпайы щетканы және
т.б. пайдалануға тыйым салынады, өйткені олар кір жуатын машинаның
бетін бүлдіруі мүмкін.
БАРАБАНДЫ ТАЗАРТУ
1. Барабанды кептіру үшін кір жуатын машинаның есігін ашыңыз.
2. Егер барабанда тот пайда болса, оны құрамында хлоры жоқ құралмен уақтылы алып
тастаңыз.
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
1. Жуғыш зат контейнерін толығымен ашыңыз. «Суырмалы жәшік» бекіткішін (1) басып,
түптабанын (2) аспап корпусынан тартып шығарыңыз.
2. Сұйық жуғыш заттың қақпағын (3) ұстап, жоғары қарай көтеріп, шешіп алыңыз.
3. Сұйық жуғыш заттың қақпағын және жуғыш зат контейнерін ағып тұрған судың асты-
на ұстаңыз. Жуғыш заттың қалдықтарын сүртіңіз.
4. Сұйық жуғыш заттың қақпағын қайта кигізіп, жуғыш зат контейнерін ысырып, орны-
на қойыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать