Hansa ZWM655POW Руководство по эксплуатации онлайн [78/115] 796514

Hansa ZWM655POW Руководство по эксплуатации онлайн [78/115] 796514
- 78 -
Аспапты қуат желісіне ұзартқыштың көмегімен
қоспаңыз. Ұзартқыштар қауіпсіздікті жеткілікті
дәрежеде қамтамасыз етпейді (мысалы, қызып
кетуі мүмкін).
Ыдыс жуғыш машинаны орнатқаннан кейін
айырға еркін қолжетімдік қамтамасыз етілуі
тиіс.
Балалардың қауіпсіздігі
Бұл құрал 8 жастан үлкен балалармен және
физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі тұлғалармен, тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалармен қолданыла алады, егер
оларға бақылау жүргізілсе немесе олар алдын
ала даярланған немесе нұсқау алған болса және
қауіптіліктің мәнін түсінсе. Балалар аспаппен
ойнамауы керек. Балалар құралға күтім жасау
мен оны тазартуды қажетті бақылаусыз жасай
алмайды.
Егер 3 жастан кіші балалар тұрақты бақылауда
болмаса, аспаптың жанында болуға жол бермеу
қажет.
Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған кір
жуғыш құралдар көздерге, ауызға және
тамаққа күйдіретін әсер етуі мүмкін. Өндіруші
жуғыш құралдың қаптамасына орналастырған
қауіпсіздікке қатысты ақпаратты зейін қойып
оқыңыз.
Машинаның есігі ашық болса, балаларды
ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Машинаның
ішінде жуғыш құрал қалып қоюы мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинада ыдыс жуу барысында
пайдаланылған су ішуге жарамсыз. Күйдіргіш
құралдардың зиянды әсерінің қауіпсіздігі.
Бағдарламаны орындау барысында есікшесін
ашқан кезде абай болыңыз, машинадағы судың
температурасы жоғары.
Жарақаттануға жол бермеу үшін ұзын және
өткір заттарды және өткір ұштары бар заттарды
(мысалы, айырлар мен пышақтар) әрдайым
асханалық аспаптарға арналған себетке
жүздерін төмен қаратып немесе жоғарғы
себетке көлденең күйде орналастырған жөн.

Содержание

Похожие устройства

Скачать