Hansa ZWM655POW [85/115] Ағызу шүмегі

Hansa ZWM655POW [85/115] Ағызу шүмегі
- 85 -
Ағызу шүмегі
Ағызу құбыршегі канализацияға немесе ас үй жиһазының сифонына
тікелей жалғануы мүмкін. Ағызу құбыршегін арнайы ұстағыштың
көмегімен жуғыштың жиегіне ілуге болады (егер машинаға қосымша
берілсе). Ағызу құбыршегінің ұшы еденнен кем дегенде 50 см және
максималды 110 см биіктікте орналасуы тиіс.
min 50cm/max 110cm
min 50cm/max 110cm
Ағызу құбыршегінің максималды
ұзындығы 4 метрден аспау керек.
Кері жағдайда ыдыс лас күйде
қалып қоюы мүмкін. Мұндай
жағдайда өндіруші жауапкершілік
тартпайды.
Электр желісіне қосу
Жерге тұйықталған ашалы айырды жерге тұйықталған розеткаға
қосыңыз. Таңбаламада көрсетілген қуат кернеуі электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Жерге тұйықтауды
білікті маман-электрші ғана орындауы тиіс. Ыдыс жуғыш машина
жерге тұйықталмаған электр желісіне қосылған жағдайда өндіруші
туындаған қандай да бір залал үшін жауапкершілік тартпайды.
Электр желісінде 10-16 A сақтандырғыш орнатылуы тиіс.
Реттегішке кернеуі 220-240В/50Гц.
Машинаның жиынтықтылығына кіретін айырды ғана пайдалануға
рұқсат етіледі. Машинаны желідегі кернеу төмен болған кезде
қосу жуу сапасының төмендеуіне әкеп соғады және машинаның
зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін.
Қуаттандырғыш сым зақымдалған жағдайда оны айырбастауды
авторластырылған сервистің қызметкерлеріне немесе білікті
маман-электршіге тапсыру қажет. Осы ережелерді сақтамау
күрделі жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін.
Жуу циклі аяқталғаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін қуаттандырғыш электр желісінің айырын розеткадан алып
шығыңыз
Электр тоғының соғуына жол бермеу үшін айырды розеткадан
қолыңыз дымқыл болған кезде салмаңыз және алып шықпаңыз.
Қуаттандырғыш электр сымын розеткадан алып шыққан кезде
оны үнемі айырынан ұстаңыз. Ешқашан сымынан тартпаған жөн.

Содержание

Похожие устройства

Скачать