Hansa ZWM655POW [84/115] Жабдықты орнату

Hansa ZWM655POW [84/115] Жабдықты орнату
- 84 -
ЖАБДЫҚТЫ ОРНАТУ
Аспапты орналастыру
Ыдыс жуғыш машинаны орнату үшін ыдысты салуға және алып
шығуға ыңғайлы орын таңдау қажет.
Машинаны ауа температурасы 0°C-ден төмендеуі мүмкін
орынжайларға орнатуға рұқсат етілмейді.
Монтаждау алдында қаптамадағы нұсқаулыққа сәйкес машинадан
барлық қаптамасын алып тастаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаны есікшесінен немесе басқару тақтасынан
ұстап жылжытпаңыз және көтермеңіз.
Машинаның барлық жағынан үйді жинастырған кезде ыдыс
жуғыш машинасына ыңғайлы қолжетімдік үшін жеткілікті кеңістік
қалдырыңыз.
Ыдыс жуғыш машинасын орнатқан кезде құбыршектер шамадан тыс
майыспағандығына немесе жаншылмағандығына көз жеткізіңіз.
Сондай-ақ ыдыс жуғыш машинаның желілік тоқсымының басылып
қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Еден тегіс болмаған жағдайда аяқшаларын биіктігі бойынша реттеу
қажет. Машина дұрыс орнатылған кезде есікшесі еш қиындықсыз
ашылып, жабылуы тиіс.
Ыдыс жуғыш машинаның есікшесі қиын ашылса немесе жабылмаса,
жұмыс істеген кезде машина дірілдесе немесе еденде тұрақты
орналаспаса, аяқшаларын биіктігі бойынша реттеу қажет.
Су өткізгіш желіген жалғау
Ыдыс жуғыш машина су өткізгіш желіге жалғана алатындығына көз
жеткізіңіз. Сонымен қатар, су пәтерге немесе үйге кіретін жерде су
тазартуға арналған арнайы сүзгіні орнатуға кеңес беріледі. Ыдыс
сарғаймайтын болады және әктастың ақ дақтары қалмайды. Егер
осылай істемесе, онда құмның, тоттанудың, әктас тұнбаларының
бөлшектері мен басқа ластықтар машинаны зақымдауы мүмкін.
Су берілетін құбыршек
Ескі ыдыс жуғыш машинаның су берілетін құбыршегін
пайдалануға тыйым салынады. Аспаппен бірге
жеткізілген жаңа құбыршекті ғана пайдаланған жөн. Су
берілетін құбыршекті жалғамас бұрын оның ішін шаю
қажет. Су берілетін құбыршекті су ағатын шүмекке
тікелей жалғаңыз. Судың кірістегі қысымы кем дегенде
0,03 MПa, aл максималды көрсеткіші 1 MПa болу керек.
Егер судың қысымы 1 MПa-дан асып кетсе, онда ыдыс
жуғыш машинаның алдына қысымның шамадан тыс
ұлғаюына жол бермейтін ағызғыш қақпақшаны орнату
қажет.
Жалғағаннан кейін су ағатын шүмекті барынша ашып,
құбыршек жалғанған жерден су ақпайтындығына көз
жеткізу қажет.
Қауіпсіздік үшін әр ыдыс жуу циклінен кейін шүмекті
жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ Ыдыс жуғыш машиналардың кейбір
үлгілері Aquastop жүйесімен жабдықталған.
Aquastop жүйесі болған кезде қауіпті кернеу
туындайды. Aquastop жүйесінің сумен
қамтылуын жаппаңыз. Қайтадан бұрауға жол
берілмейді.
Назар аударыңыз! Қауіпсіздік үшін әр ыдыс
жуу циклінен кейін шүмекті жабыңыз

Содержание

Похожие устройства

Скачать