Hansa ZWM655POW [77/115] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Hansa ZWM655POW [77/115] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
- 77 -
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Орнатудың алдында
Құрылғыны тексеріңіз және тасымалданған
кезде зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған машинаны орнатуға және
пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Күмән туындаған жағдайда сатушыға
хабарласуыңызды сұраймыз.
Ыдыс жуғыш машинаның қуаттандырғыш
сымының айырын қуат розеткасына қоспас
бұрын және пайдалануға кіріспес бұрын
оны пайдалану және орнату жөніндегі осы
нұсқаулықпен зейін қойып танысыңыз. Мұнда
баяндалғандар дене жарақаттарын алу және
аспаптың зақымдалу тәуекелін төмендетуге
көмектеседі. Ыдыс жуғыш машинаның
құжаттамасын қауіпсіз жерде анықтамалық
құжат ретінде сақтаңыз.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулық
аспаптардың әртүрлі типтері үшін
құрастырылған, сондықтан онда сипатталған
кейбір атқарымдар Сіз сатып алған аспапта
болмауы мүмкін.
Бірінші рет іске қосудың алдында
Орнатуға қатысты ескертпені қараңыз
(төменде).
Жерге тұйықтау жүйесін орнатуды білікті
электршіге тапсырыңыз.
Жерге тұйықталмаған аспапты пайдалану
салдарынан туындауы мүмкін залал үшін
өндіруші жауап бермейді.
Аспапты іске қоспас бұрын электр қуаты
желісінің параметрлері зауыттық кестешікте
көрсетілген параметрлерге сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
Орнату барысында ыдыс жуғыш машинаны
электр қуаты желісінен ажыратыңыз.
Аспаппен бірге жеткізілген түпнұсқалық
айырды ғана әрдайым пайдаланыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать