Hansa ZWM655POW [86/115] Құрылғыны жұмысқа дайындау

Hansa ZWM655POW [86/115] Құрылғыны жұмысқа дайындау
- 86 -
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖҰМЫСҚА
ДАЙЫНДАУ
Ыдыс жуу машинасын алғаш рет іске қосудың алдында
Аспапты іске қоспас бұрын электр қуаты желісінің параметрлері
зауыттық кестешікте көрсетілген параметрлерге сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Машинаның ішкі бөліктерінен барлық қаптаманы алып тастаңыз.
Суды жұмсартуға арналған құралды дайындаңыз.
Тұз мөлшерлеуішін толығымен сумен толтырып, содан кейін 1,5
кг арнайы тұз салу керек (ыдыс жуғыш машиналарына арналған).
Ыдысты жылтырататын шайғышты мөлшерлеуішке құйыңыз.
Суды кальцисіздендіру мағынасы
Ыдыс жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін жұмсартылған (құрамында кальций аз мөлшердегі) су қажет.
Кері жағдайда ыдыста және ыдыс жуғыш машинаның ішкі беткі
қабаттарында әктас дақтары тұнбалануы мүмкін. Бұл ыдысты жууға,
құрғатуға және жылтыратуға кері әсерін тигізуі мүмкін. Су жұмсарту
жүйесі арқылы аққан кезде одан судың қаттылығы үшін жауап беретін
иондар кетіріледі, соның арқасында су ыдыс жуудың айтарлықтай
жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге болатындай жұмсарады. Су
құбыры суының қаттылығыне байланысты судың қаттылығы үшін
жауап беретін иондар жұмсарту жүйесінің ішінде жылдам жиналады.
Сондықтан келесі ыдыс жуу кезінде дәл осындай нәтиже алу үшін жуу
жүйесін жаңартқан жөн. Бұл үшін ыдыс жуғыш жуғыш машиналарға
арналған арнайы тұз қолданылады.
Тұзды жүктеу
Тек ыдыс жуу машиналарына арналған жұмсартқыш тұзды ғана
қолдану керек.
Ыдыс жуғыш машинада қолдануға арналмаған тұздың барлық басқа
түрлері, әсіресе ас тұзы суды жұмсартқышты зақымдауы мүмкін. Сәйкес
келмейтін тұзды пайдаланудан туындаған зақымдану жағдайында
өндіруші ешқандай кепілдік бермейді және келтірілген зиян үшін
жауапты болмайды.
Жуу бағдарламасын іске қосар алдында тұзбен толтыру.
Бұл төгілген тұздың немесе тұзды судың құрылғының түбіне түсуін
болдырмайды, бұл коррозияны тудыруы мүмкін.
1. Құрылғыдан төменгі себетті суырып алып, мөлшерлеуіштің
қақпағын бұрып шығару.
2. Құйғыштың ұшын саңылауға салып (жиынтықта) және 1,5 кг тұз
себу.
3. Тұзға арналған мөлшерлеуішті толығымен сумен толтыру. Судың
аз мөлшері тұз контейнерінен ағып тұрса, бұл қалыпты жағдай
болып табылады.
4. Мөлшерлеуішті сумен толтырғаннан кейін қақпақты бұрап жабыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать