Hansa ZWM655POW Руководство по эксплуатации онлайн [88/115] 796514

Hansa ZWM655POW Руководство по эксплуатации онлайн [88/115] 796514
- 88 -
Өнімдердің осындай типтерін пайдаланған кезде неге назар аудару
қажет:
Пайдаланылатын жуғыш құралдың құрамын әрдайым тексеріңіз
және бұл құрамдастырылған құрал екендігіне көз жеткізіңіз.
Пайдаланылатын жуғыш құралы ыдыс жуғыш машина жалғанған
су құбыры желісіндегі су қаттылығының дәрежесіне сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Құралдың қаптамасында көрсетілген кеңестерді ұстаныңыз.
Дәрі түріндегі жуғыш құралды асханалық аспаптарға арналған
науаныңішіне салуға тыйым салынады. Дәрілерді әрдайым жуғыш
құралға арналған бөлікке салыңыз.
Осы құралдарды қолдану юелгілі шарттарды ұстанған кезде ғана
жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді. Жуғыш құралдардың осындай
типін пайдаланған жағдайда оларды өндірушілермен байланысып,
осындай құралдарды пайдалану шарттарын білу қажет.
Егер осындай жуғыш құралдарды қолдану шарттары және ыдыс
жуғыш машинаның параметрлері сәйкес келетін болса, бұл тұздың
және/немесе шайғыштың шығыны төмендейтінін кепілдейді.
Егер «1-де немесе «1-де жуғыш құралдарды пайдалану
кезінде жуу нәтижелері қанағаттанарлықсыз болса (егер ыдыста қақ
пен судың іздері қалатын болса), жуғыш құралдың өндірушісімен
байланысқан жөн. Машинаға берілетін кепілдік құрамдастырылған
жуғыш құралдарды пайдаланумен байланысты кінәрат-талаптарға
таралмайды.
Ұсынылатын тұтыну тәсілі: Құрамдастырылған жуғыш құралдарды
пайдаланған кезде үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін ыдыс жуғыш
машинаға тұзды және жылтыратқыш шайғышты жүктеп, судың
қаттылығын белгілеп, судың минималды мөлшеріне шаққандағы
шайғыштың мөлшерін анықтау қажет.
Әртүрлі өндірушілердің дәрі түріндегі жуғыш құралдарының ерігіштігі
еру температурасы мен уақытына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Сондықтан ыдыс жуудың қысқа бағдарламасын таңдаған кездежуғыш
құралдарды пайдалануға кеңес берілмейді. Осындай бағдарламаларда
ұнтақты жуғыш құралдарын пайдаланған жөн.
Жуғыш құралды әрдайым салқын, құрғақ, балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Жуғыш құралды ыдыс жуғыш машинаны қосудың
алдында ғана салыңыз.
Ескерту: Бұрын байқалмаған және құрамдастырылған жуғыш құралды
пайдаланумен байланысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде
жуғыш құралды пайдаланушыға тікелей хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрамдастырылған жуғыш құралдарын пайдалану тоқтатылған
жағдайда:
Мөлшерлеуіштерге тұз бен шайғышты салыңыз.
Су қаттылығының ең жоғары дәрежесін (6) орнатыңыз және
ыдыссыз жуудың бір циклін орындаңыз.
Су қаттылығының тиісті деңгейін таңдаңыз.
Шаюға арналған құралдың тиісті мөлшерлемесін таңдаңыз.
Ескерту: Үйде қолданылатын ыдыс жуғыш машиналарына арналған
шайғыш құралдарды ғана пайдаланыңыз. Төгіліп қалған шайғышты
шүберектің көмегімен кетіруге болады. Шайғыштың шамадан тыс
мөлшері көбіктің жоғары мөлшерде түзілуіне ықпал етеді, бұл ыдыс
жуу сапасын төмендетеді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать