Crown CT18183 BMC [145/164] Электр құралдарын тасымалдау

Crown CT18183 BMC [145/164] Электр құралдарын тасымалдау
145
Қазақ тілі
Қорғағыш муфта
Қорғағыш муфта аспаптың шектен тыс жүктелуінен
және бұрғылау кезінде элементтер жабысқан
жағдайда бұзылудан қорғайды.
Қозғалтыш құралды қолданубойынша
ұсыныстар
Денеге діріл әсерін азайту үшін
жұмыс істеп жатқанда қалың, жұмсақ
қолғапты киіңіз.
Әрқашан жұмыс кезінде 6 қосымша тұтқаны
қолданыңыз, бұл сіздің электраспабыңыздың ең
жақсы бақылауын қамтамасыз ете отырып, серпуді
азайтады.
Екпінді бұрғылау кезінде екпінді механизм
конструкциясының арқасында нәтиже сіздің
электраспабыңызға қолданылатын қысу қуатына
байланысты болмайды. Сондықтан сіздің
аспабыңызға шектен тыс қысым бермеңіз, себебі
ол бұрғының сыналануына және қозғалтқыштың
жүктелуіне әкеп соқтырады.
Қабырға немесе төбені бұрғылаған кезде
шығатын шаңды азайту үшін 10-11 сур. көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Назар аударыңыз: ағаш және
металлды бұрғылау тек екпінсіз
бұрғылау режімінде жүргізіледі.
Металл затта тесік бұрғылағанда (түсті металл
және оның қорытпаларын қоспағанда) үнемі
бұрғыны біраз майлап тұрыңыз.
Қатты металлдарды бұрғылаған кезде көбірек
күш қосыңыз және төменірек айналу жылдамдығын
орнатыңыз.
Металл затта диаметрі үлкен тесік бұрғылаған
кезде, алғашында диаметрі кішкентай тесік
бұрғылап оны керекті мөлшерге дейін үлкейтіңіз
(12 сур. қараңыз).
Ағашта тесік бұрғылаған кезде бұрғының шығу
жерінде жарылыс пайда болмау үшін 13 сур.
көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Жылтыратылған кафель тақталарын бұрғылау
кезінде бұрғының центрлеу дәлдігін жақсарту
үшін және жалтырағын зақымдалудан қорғау үшін
шамаланатын орталық саңылауында желімтек
лентаны қолданыңыз және тек осыдан кейін ғана
бұрғылаңыз (14 сур. қараңыз). Назар аударыңыз:
тақтаны бұрғылау тек екпінсіз режімде.
Қозғалтқыш құралды жөндеу / алдын
алу шаралары
Қозғалтқыш құралмен кез кезлген жұмысты
бастау алдында оны токтан ажыратып тастаңыз.
Қозғалтқыш құралды тазалау
Құрылғыны ұзақ уақыт қолданудың маңызды
талабы - оны таза ұстау. Құрылғыны әрдайым
сығылған ауамен ауа алмасатын тесіктерінен үрлеп
тазартып тұрыңыз 9
Сатудан кейінгі қызмет және өтінім бойынша
қызмет
Біздің сатудан кейінгі қызмет өнімге техникалық
қызмет көрсетуге және оны жөндеуге, сонымен бірге,
қосалқы бөлшектерге қатысты сұрақтарыңызға
жауап береді. Сондай-ақ, сервистік орталықтар
туралы ақпаратты, бөліктердің диаграммаларын
және қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына
бетте табуға болады: www.crown-tools.com.
Электр құралдарын тасымалдау
Тасымалдау кезінде қаптамаға ешбір
механикалық әсерді тигізуге болмайды.
Жүкті түсіргенде / жүктегенде қысып орау
қағидатымен жұмыс істейтін ешбір технология түрін
пайдалануға рұқсат етілмеген.
Қоршаған ортаны сақтау
Шикізатты қоқыс ретінде пайдаға
асырудың орнына қайта қолдануға
жіберіңіз.
Электр құралы, жарақаттар және бума
қоршаған ортаға зиянсыз қайда қолдануға
жіберілуі керек.
Пластикалық компоненттер сыныпталған қайта
қолдану үшін белгіленген.
Бұл нұсқаулар қайта қолданылатын хлорин
қосылмаған қағазда басып шығарылған.
Өндіруші өзгерістер енгізуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать