Polaris PMO 2002DG [30/58] Құрылғыны іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және орнату құрылғыны қаптама қорабынан шығарып алу

Polaris PMO 2002DG [30/58] Құрылғыны іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және орнату құрылғыны қаптама қорабынан шығарып алу
30
Құрылғының техникалық төлкұжатты тақтайшасы
Микротолқынды пешті қуат көзіне қосуға байланысты техникалық параметрлері, яғни оның
кернеуі, жиілігі мен қуат параметрлері жөніндегі ақпарат құрылғының техникалық төлқұжатты
тақтайшасында көрсетілген. Құрылғының техникалық төлкұжатты тақтайшасы оның артқы
жағында орналасқан.
4. Құрылғыны іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және орнату
Құрылғыны қаптама қорабынан шығарып алу
Назар аударыңыздар! Құрылғының қаптама материалдарымен ойнауға болмайды, олар ойын
үшін арналмаған. Тұншығып қалу қауіпі бар. Құрылғының салмағы ауыр болғандықтан, оны
қаптама қорабынан шығарып алу үшін, сондай-ақ оның тасымалдауы және оның орнатылуы, екі
адам арқылы жүзеге асырылуы керек.
Назар аударыңыздар!Егер құрылғы даладағы аяздан, яғни суық даладан жылы бөлмежайға
әкелінген болса, оны іске қоспас бұрын, бөлме температурасында бірнеше сағат бойы тұруы
керек.
Құрылғының қаптама қорабын ашып, микротолқынды пешті абайлап алып шығарыңыз,
содан кейін оның орайтын барлық материалдарын оның ішінен және сыртынан алып
тастаңыз.
Микротолқынды пештің жеткізілім жиынтықтылығына кіретін барлық бөлшектері мен
керек-жарақтарын қарап тексеріп шығыңыз, құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына
кіретін барлық құрамдас бөлшектерінің және керек-жарақтарының бар болғанына,
олардың барлығы зақымдалмағанына көз жеткізіңіз, осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың («Құрылғының сипаттамасы») тарауында көрсетілген нұсқауларын қарап
шығыңыз.
Құралдың артқы жағында орналасқан техникалық төлкұжатты тақтайшасы мен ескертпе
нұсқауы бар жапсырмадан, басқа барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларын алып
тастаңыз. Микротолқынды пештің сыртын жұмсақ сәл дымқыл сулықпен сүртіп шығыңыз.
Микротолқынды пештің ішкі жұмыс камерасындағы барлық құрылғыларды алыңыз және
құрылғылардың орауыш материалдарын алып тастаңыз.
Микротолқынды пештің ішкі жұмыс камерасындағы жабысқақ таспа сияқты қорғаныс
желімдік қағаз кесінділерін алыңыз.
Микротолқынды пештен қорғаныс қабышасын алып тастаңыз.
Назар аударыңыздар! Сызат түсірмеу үшін, сондай-ақ ластанудың алдын алу үшін,
микротолқынды пештен оның қорғаныс қабышасын тек оны пайдаланатын орынға орналастырған
соң ғана алып тастаңыз.
Назар аударыңыздар! Микротолқынды пеш есігінің ішкі жағындағы қорғаныс қабышасын (егер
бар болса) алмаңыз, ойткені ол пештің есігін ластанудан қорғап, оны таза күйінде ұстап, тазарту
барысында пештің ішкі жағын анағұрлым оңай тазаларту үшін қызмет етеді.
Тағамдық өнімдермен жанасатын пештің бұрылмалы шыны табағын осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың «Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету» 6-шы
тарауындағы нұсқаулары мен ұсыныстарына сәйкес жақсылап жуып-шайып шығыңыз.
Микротолқынды пештің орнатылуы
Құрылғының орнатылатын орнына қойылатын талап
1

Содержание

Похожие устройства

Скачать