Polaris PMO 2002DG [34/58] Балалардан бұғаттау

Polaris PMO 2002DG [34/58] Балалардан бұғаттау
34
табылады.
Микротолқынды пеште төртбұрышты немесе тікбұрышты пішінді ыдыс-аяқтардың орнына
басқа дөңгелек немесе сопақша пішінді ыдыс-аяқтарды пайдаланыңыз, өйткені төртбұрышты
немесе тікбұрышты пішінді ыдыстарда тағам әсіресе ыдыстың бұрыштарында орналасқан
өнім қызып кетуге бейім.
Құрылғыда тамақ пісіру не жылыту барысында микротолқын режимін пайдаланғанда
алюминий жұқалтырды пайдаланбаңыз.
1-кестеде келтірілген мәлімет микротолқынды пеште тағам пісіру немесе жылыту үшін жарамды
ыдыс-аяқты таңдаған кезде тек базалық болып табылатынын ескеру керек.
1-кесте.
Ыдыс-аяқтың түрі
Микротолқынды пеште
ыдыс-аяқты пайдалану
бойынша нұсқауы
Қызуға берік шыны ыдыс-аяқ
болады
Қызуға берік емес шыны ыдыс-аяқ
жоқ
Қызуға берік керамикалық ыдыс-аяқ
болады
Жоғары температураға төзімді және
микротолқынды пеште пайдалануға жарамды
пластик сыйымдылықтар
болады
Пергамент қағаз
болады
Металл ыдыс-аяқ, гриль торлары
жоқ
Алюминий жұқалтыры және алюминий ыдыс-
аяқтар
жоқ
Микротолқынды пештің есігін ашу және жабу
Құрылғының есігін ашу үшін, есіктің тұтқасын қолыңыздың бірқалыпты қозғалысымен өзіңізге қарай
тартыңыз.
Егер құрылғы қосулы күінде болса, онда тағам әзірлеуге арналған ағымдағы пісіру бағдарламасы
үзіледі.
Құрылғының есігін ашқан соң, ыдыс-аяқты жұмыс камерасынан шығармас бұрын, есікті ашық күйде
қалдырыңыз, құрылдағы жиналған қызуы оның ішінен сыртқа шыққанша күте тұрыңыз.
Құрылғының есігін жабыңыз, сол сәтте қақпақтың жабылғанын білдіретін Сіз шертпек секілді сарт
еткен дыбысын естуіңіз керек.
Егер тағам әзірлеуге арналған ағымдағы пісіру бағдарламасы есікті ашу арқылы үзілген болса,
құрылғының есігін жапқан кезде, ол автоматты түрде жалғасады.
Балалардан бұғаттау
Микротолқынды пештің бұл моделінде балалардан бұғаттау қарастырылған.
Микротолқынды пешті бұғаттау үшін ТОҚТАТУ/БОЛДЫРМАУ батырмасын басып, оны басылу
күйінде 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.
Құрылғының дыбыстық сигналы естіледі және дисплейдің бетінде бұғаттау индикаторы көрініс
табады.
Бұғаттау күйінде құрылғыдағы барлық батырмалары істемейді.
Бұғаттауды болдырмау үшін ТОҚТАТУ/БОЛДЫРМАУ батырмасын басып, оны басылу күйінде
3 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Сонымен бірге, бұл ретте құрылғының дыбыстық сигналы естіледі
де, дисплейдің бетінде бұғаттау индикаторы сөнеді.
Уақыт мәндерін белгілеу
құрылғыны электр желіге жалғастырып қосқан кезде, дисплейдің бетінде уақыттың мәні
"1:01" сандық түрде сағат көрсетіледі, сонымен қатар мына " " сағат белгісі көрініс

Содержание

Похожие устройства

Скачать