Polaris PMO 2002DG [46/58] Қауіп қатерлердің көздері

Polaris PMO 2002DG [46/58] Қауіп қатерлердің көздері
46
Микротолқынды пешті сыртқы таймермен немесе қашықтан басқару құралымен пайдалануға
арналмаған.
Микротолқынды пештің артқы және бүйір қабырғаларындағы дистанциялық тіреуіштерін жұлып
алуға болмайды, себебі олар оның айналасында ауа алмасуы үшін ең минималды арақашықтықты
қамтамасыз етеді.
Микротолқынды пештің шыны табағына зақым келтірмеу үшін, оны тасымалдау алдында пештің
айналмалы шығыршық тіреуін орнатып бекітіңіз.
Қауіп-қатерлердің көздері
Микротолқындармен байланысты қауіп-қатерлер
Қауіпті! Микротолқындардың әсері адамның ағзасына зиян келтіруі мүмкін.
Өзіңізді және жаныңыздағы басқа адамдарды микротолқындардың әсерінен қорғау үшін төменде
сипатталған келесі қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын орындаңыз:
Микротолқынды пештің есігі ашық тұрған кезде, пешті іске қосуға тыйым салынады.
Құрылғыдағы қауіпсіздендіргіш (сақтандырғыш) ажыратқышы ақаулы немесе әдейі
өзгертілген болса, микротолқындардың әсерінен Сіз қауіп-қатерге тап болуыңыз мүмкін.
Микротолқынды сәулелердің әсерінен қорғайтын қорғаныстық қаптамасын алуға қатысты
барлық техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек қызмет көрсету
орталығының білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек. Сонымен қатар, құрылғының
жарықтандыру шамы мен электр кабелін ауыстыру үшін де, қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары қажет, бұл жағдайда құрылғыны қызмет көрсету орталығына апару керек.
Микротолқынды пештің есігі мен есіктің тығыздағыштары зақымдалған болса, пешті оның
есігі мен тығыздауыштары білікті мамандары арқылы ауыстырылғанға дейін
пайдаланбауыңызды ұсынамыз.
Күйіп қалу қауіпі бар
Қауіпті! Тағам пісіру барысында, құрылғы арқылы қыздырылғын өнім, сондай-ақ тағам
пісіру үшін қолданған ыдыс-аяқ және құрылғының сыртқы беті қатты қызуы мүмкін.
Өзіңізді және басқа адамдарды күйіп қалудан қорғау үшін төменде сипатталған келесі қауіпсіздік
жөніндегі нұсқауларын орындаңыз:
Тек микротолқынды пеште тағамды пісіру немесе жылыту үшін арнайы арналған ыдыстарды
ғана қолданыңыз.
Микротолқынды пеште сусынды немесе басқа бір сұйық тағамды жылытқан кезде, сусын не
сұйықтық тағам қызып қайнай бастайды, сондықтан тағам жылыту үшін қолданған ыдыс-аяқты
шығарған кезде абай болыңыз.
Пеште сұйық майдың көп мөлшерінде дайындалатын фрютюр тағамды дайындамаңыз. Ыстық
май шашырауы мүмкін, нәтижесінде пештің ішіндегі бөлшектерін және асүйлік ыдыс-ақты
бүлдіруі мүмкін, сондай-ақ өртке әкелуі мүмкін.
Микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрғанда, оның есігі мен сыртқы беті қатты қызуы мүмкін.
Тағам пісіру барысында пештегі микротолқындар асүйлік ыдыс-аяқтарын қыздырмау мүмкін,
алайда тағам өнімдерін араластыруға арналған ас үй құралдары тағамның жоғары
температурасынан ысуы мүмкін.
Тағамды пештен алғанда әрқашан ыстыққа төзімді асханалық аспаптары мен асүй
саймандарын, сондай-ақ, термоқорғалған тұтқыштарды не термоқорғалған ас үй қолғаптарын
қолдануға кеңес беріледі.
Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар тағамы салынған құтылардың ішіндегісін
балаларға берер алдында, араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін
температурасын тексеру керек.
Ыдыс-аяқтың қақпағын ашқанда немесе қабықшасын алғанда абай болыңыз, ыстық бу шығуы
мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать