Polaris PMO 2002DG [32/58] Жұмыс тәртібі

Polaris PMO 2002DG [32/58] Жұмыс тәртібі
32
қолданылатын жиілігі мен кернеудің техникалық сипаттамаларымен салыстырыңыз.
Құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін, микротолқынды пештің тоқ, жиілігі мен
кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желінің параметрлеріне сәйкес келуі
тиіс. Күмәндансаңыз, білікті маманға-электршіге хабарласыңыз.
Сіздің үйіңіздегі ашалы розеткаңыз 16 А ажыратқышымен қорғалуы керек.
Электрұзартқыш құрылғыны пайдалану қажет болса, оның келісі талаптарға сай екендігіне
көз жеткізіңіз ұзындығы , өткізгіштердің қимасы 1,5 мм
2
кем емес болуы тиіс.
Құрылғының электр желілік баусым толығымен жазыңыз да, оның айыртетігін электр
желіге жалғастырып қосыңыз.
Құрылғының электр желілік баусымы ақаулы еместігіне және оның микротолқынды
пештің астынан немесе үстінен немесе жылу шығаратын не қызып тұрған құрылғылардың
беттеріне, және/немесе қандай да бір заттардың өткір жиектері бар беттердің үстіне тиіп
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының электр қауіпсіздігі, ол біздің қорғаныс ережелерімізге және қорғау
нұсқамаларымызға сәйкес электр тізбегіне қосылған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі!
Қорғаныстық жерге тұйықтау (сымсыз) түйіспесі жоқ розеткаға құрылғыны қосып,
пайдалануға тыйым салынады. Құрылғыны тек жерге тұйықталған электр желіге ғана
қосуға қажет.
Егер Сіз үйіңіздегі электр желі немесе ашалы розеткаңыз жерге тұйықталған жөнінде
күмәндансаңыз, білікті маманға-электршіге хабарласып, Сіздің үйіңіздегі ішкі электр
сымдар жүйесін тексертіңіз.
Назар аударыңыздар! Өндіруші қорғаныстық жерге тұйықтау сымның болмауы салдарынан,
сонымен қатар жерге тұйықтау сымның үзілуі салдарынан құрылғыға келетін зақым немесе
дене жарақаты үшін ешқандай жауап тартпайды.
Радиобөгеуiлді болдырмау
Микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар, радиоқабылдағыш, Wifi-
роутерлардан дабылды (сигналды) қабылдайтын құралдар мен басқа да тура осындай
құрылғыларда сигнал қабылдау кезінде аздаған бөгеуіл пайда болуы мүмкін.
Радиобөгеуiлді жою немесе азайту үшін қосымша келесі әрекеттерді жасау керек:
бұндай бөгеуілді азайту үшін, теледидар, радио және басқа да құралдарды микротолқынды
пешіңізден алыс қашықта орналастырып қойыңыз.
микротолқынды пешіңізді, теледидарыңызды/радиоқабылдағыш құрылғыларды Сіздің
үйіңіздегі бөлек әртүрлі ашалы розеткаларыңызға және электр желілерге жалғап қосыңыз,
осылайша олар үшін әртүрлі электр тізбектерін қолдануға болады.
Теледидарлар мен радиоқабылдағыштар үшін тиісті түрде орнатылған бөлме антеннаны
пайдаланыңыз.
Микротолқынды пешт есігінің тығыз жабылуы үшін, оның есігін және есіктің
тығыздағыштарының беттерін, пешті қолданып болғаннан кейін ластанудан, тағам
қалдықтарынан сәл дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз, содан кейін жұмсақ, құрғақ
шүберекпен құрғытып сүртіп алыңыз.
5. Жұмыс тәртібі
Бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың тарауында техникалық қызмет көрсету жөніндегі
маңызды нұсқаулар сипатталған. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін және құрылғының
зақымдалуын болдырмау үшін, осы тарауында сипатталған нұсқауларын басшылыққа ала
отырып, осы нұсқаулық бойынша қарастырылған барлық талаптары мен ережелерін қолданыңыз.
Қауіпті жағдай туындаған кезде, дер кезінде араласып, мәселені шешуге мүмкіндік табу үшін,
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде оны қадағалаусыз қалдырмаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать