Polaris PMO 2002DG Инструкция по эксплуатации онлайн [38/58] 798215

Polaris PMO 2002DG Инструкция по эксплуатации онлайн [38/58] 798215
38
2. Микротолқынды пештің есігін ашыңыз, жібітуге арналған тағам өнімдерімен толтырылған
ыдыс-аяқты пештің бұрылмалы шыны табағына орналастырып қойыңыз. Пештің есігін
жабыңыз.
3. Дисплейдің бетінде 100 және азық-түліктердің салмағы бойынша жібіту режимнің
индикаторлары, " " және " " көрсетілгенше УАҚЫТ/МӘЗІР реттегіш тетігін
бұраңыз.
4. УАҚЫТ/МӘЗІР реттегіш тетігін қайтадан бұраңыз, оның көмегімен жібітуге арналған
тағамдық өнімдерінің салмағын 100 гр-нан бастап 1 800гр. дейін орнатыңыз.
5. Тағам өнімдерінің салмағы орнатылғаннан кейін БАСТАУ батырмасын басыңыз, бұл
батырманы басқан соң, құрылғы автоматты түрде жібіту үдерісін бастайды, сонымен бірге
сол сәтте микротолқынды пештің камерасында оны ішінен жарықтандыратын ішкі көмескі
жарық шығаратын шамы жанады және дисплейдің бетінде уақытының кері санағы көрініс
табады.
6. Тағам өнімдерін жібіту барысында, жібітіліп жатқан тағам өнімі жібітудің орта тұсына
келгенде, яғни жібіту үдерісі басталғаннан кейін шамамен жарты уақыт өткен соң,
құрылғының дыбыстық сигналы естіледі, сол кезде келісі әрекеттерді орындаңыз:
микротолқынды пештің есігін ашыңыз да, тағам өнімдерін екінші жағына аударыңыз,
пештің есігін жауып, БАСТАУ батырмасын басыңыз.
7. Тағам өнімдерін жібіту (уақытысы) үдерісі аяқталғаннан кейін дисплейдің бетінде END
жазуы жанады, содан кейін құрылғының дыбыстық сигналы естіледі және пештің
камерасында оны ішінен жарықтандыратын ішкі көмескі жарық шығаратын шамы сөнеді.
Ескертпе!
Тағам өнімдерінің ішіндегі жібітілген бөліктерін (мысалы, ет жентегін, ұсақ туралған етті)
жібіту үдерісі кезінде бөліп алу үшін микротолқынды пештің есігін ашуға болады. Пештің
есігін ашыңыз, тағамдық өнімдерінің жібітілген бөліктерін пештен алыңыз, пештің есігін
жабыңыз және БАСТАУ батырмасын басып, тағамдық өнімнің қалған бөліктерін жібітуге
жалғастыра беруге болады.
Жібіту үдерісі аяқталғаннан кейін, жібітілген тағамдық өнімді пештің ішінде 2 минутқа
қалдыруға кеңес беріледі, осылайша құрылғыдағы жылу энергиясы тағамдық өнім
көлемінде біркелкі бөлініп, оның көлемі бойынша бірқалыпты таралады да, оның ішкі
бөлігінің жібіуіне ықпал етіп, өнімнің орта бөлігін жібітуге қолайлы жағдай жасайды.
Тағамды автоматты түрде дайындау режимі
Автоматты түрде дайындау режимінде тағамның пісіру уақытын белгілеуге және
микротолқындардың қуат деңгейін таңдап орнатуға қажет емес. Тағам пісіру үшін өзіңізге
қажетті тағам дайындау бағдарламасын таңдап орнатсаңыз, сонымен бірге әзірленетін тағамдық
өнімдерінің салмағын белгілеп қойсаңыз да жеткілікті болады.
УАҚЫТ/МӘЗІР реттегіш тетігін бұрап, оның көмегімен мәзірдегі тағамды автоматты түрде
дайындау бағдарламасын 3-кестеде берілген мәліметтеріне сәйкес таңдаңыз. Дисплейдің
бетінде тағамды автоматты түрде дайындау режимнің " " индикаторы көрініс табады
және таңдалған тағам дайындау бағдарламасына сәйкес оның 1-ден 13-ке дейінгі нөмірі
көрсетіледі.

Содержание

Похожие устройства

Скачать