First FA-5130-2-GR [39/40] Қазақ

First FA-5130-2-SI [39/40] Қазақ
76 77
6. Пісіру уақыты аяқталған кезде, жылдам
пісіргіш дыбыстық сигнал беріп, «жылы
ұстау» режиміне автоматты түрде ауысады.
Бұл режим қысымды шығаруға және
тағамды кәстрөлден алуға дайын болғанша
тағамды жылы ұстауға арналған. «Жылы
ұстау» режимі 24 сағатқа дейін қосылып тұра
беруі мүмкін. Дегенмен жақсы нәтиже алу
үшін тағамды пісіріп болған соң, оны 6 сағат
ішінде шығарып алған дұрыс.
7. «Жылы ұстау» режимінен шығу немесе кез
келген қосулы бағдарламаны тоқтату үшін
[Warm/Cancel] түймесін басыңыз.
Ескертпе: Қысыммен пісіретін бағдарламалар
үшін белгіленген пісіру уақыты қыздырып
алу арқылы қысым жеткілікті болғанша
басталмайды. Мұндай жағдайда қалқымалы
клапан (3) көтеріліп, таймер кері кері санай
бастайды.
Пісіргеннен кейін қысымды шығару:
Пісіргеннен және «жылы ұстау» режимін
тоқтатқаннан кейін, қақпақты алудан бұрын
кәстрөлдегі қысымды шығару керек.
ЕСКЕРТУ: Қақпақты күшпен ашпаңыз. Қақпақ
оңай ашылмайтын болса, кәстрөлдің ішінде әлі
де қысым барын білдіреді, қақпақты ашудан
бұрын оны шығару керек. Қалқымалы клапан
төмен күйінде тұрғанда, қақпақты қауіпсіз ашуға
болады.
Қысым шығарудың екі әдісі бар:
Табиғи шығару - «Жылы ұстау» режимінен
бас тартқаннан кейін, жылдам пісіргіш
салқындап, ішіндегі қысым ақырын
төмендейді. Бұл процеске пісіргіштегі
тағамның мөлшеріне байланысты бірнеше
минут (әдетте 10-60 минут) кетеді.
Жылдам шығару - Бұл әдіс бойынша қысым
шектеу клапанын «қысым шығару» күйіне
бұру арқылы аз уақыт ішінде қысымды
шығаруға мүмкіндік береді.
Желдеткіштерден ыстық бу бірден
шыға бастайды. Күйіп қалудан сақ
болыңыз! Бұл әрекет кезінде қолыңызды
ыдыс сүртетін орамалмен жауып тұрған
дұрыс.
Қысым шыққан кезде, қалқымалы клапан (3)
төмендей бастайды. Ол төмен күйіне түскен соң,
қақпақты қауіпсіз ашуға болады.
Кеңес: Құрамында сұйықтық немесе крахмал
мөлшері көп тағамдар үшін «табиғи шығару»
әдісін пайдаланған дұрыс, себебі «жылдам
шығару» әдісінде қысым шығарудан сұйықтық
шашырап, қысым шектеу клапанын бітеп
тастауы мүмкін.
КІДІРІСПЕН БАСТАУ ТАЙМЕРІ:
1. Төмендегі нұсқауларды орындап, пісіру
процесі басталатын кідіріс уақытын орнатуға
болады:
2. Алдымен пісіру бағдарламасын таңдап,
қалаған пісіру уақытын/қысым деңгейін
орнатыңыз.
3. Содан кейін [Delay Time] түймесін басып,
басқару тұтқасын бұрап, кідіріс уақытын
реттеңіз. (00:30-24:00, 30 минуттық
қадаммен беріледі).
4. Бастау үшін басқару тұтқасын басыңыз.
Дисплейде кідіріс уақытының орнатылған
басталуы көрсетіледі және кері санау
басталады. Кідіріс уақыты өткеннен кейін,
жылдам пісіргіш пісіру процесін бастайды.
Ескертпе: Кідіріспен бастау уақыты «Bake»,
«Saute» және «Yoghurt» бағдарламаларына
қолданылмайды
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Өнімді қауіпсіз әрі тиімді пайдалану үшін үнемі
тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстары маңызды.
Құрылғыны тазаламас бұрын әрдайым
желіден ажыратып, суытып алыңыз.
Құрылғыны немесе қуат сымын суға салушы
болмаңыз. Электрлік бөлшектерді суға
тигізбеңіз.
Жылдам пісіргіштің корпусын жұмсақ
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Қақпақты шешіп, ішкі кәстрөлді шығарыңыз.
Ішкі кәстрөлді жұмсақ жуғыш затпен және
жұмсақ шүберекпен жуыңыз.
Қақпақтың ішін, оның ішінде қақпақтың
тығыздағыш сақинасын, қысым шектеу
клапанын, қалқымалы клапанды және
бітеткізбейтін қалқанды пайдаланған сайын
жақсылап жуыңыз.
Құрылғының артында шағын конденсат
контейнері бар. Оны шығарып, жақсылап
жуыңыз. Содан кейін оны орнына қойыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
220-240 В • 50/60 Гц • 1000 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен
жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз.
СИПАТТАМАСЫ:
(I сур.)
ҚАҚПАҚ
1. Қақпақ тығыздағыш сақинасы (ішкі жағы)
2. Бітеткізбейтін қалқан (ішкі жағы)
3. Қалтқы клапан
4. Қысымды шектеу клапаны
5. Қақпақ тұтқасы
ІШКІ КӘСТРӨЛ
6. Ішкі кәстрөл
НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫ
7. Тасымалдау тұтқасы
8. Басқару панелі
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ:
(II сур.)
A Сақтаулы бағдарламалар - * белгісімен
белгіленген бағдарламаларда реттелетін
қысым деңгейі бар.
B Дыбыс өшіру белгішесі - [Warm/Chancel]
түймесін 6 секунд басып тұрып, дыбыстық
сигналдың дыбысын өшіріңіз/қосыңыз.
C Жылыту белгішесі - Жылытып жатқанда
көрсетіледі.
D Кідіріспен бастау белгішесі - Кідіріспен
бастау орнатылғанда көрсетіледі.
E Температура белгішесі - «Төмен
температурада пісіру» пісіру функциясының
температурасын орнату кезінде көрсетіледі.
F Уақыт көрсету - (сағат: минут)
G Қысым деңгейі индикаторы - Арнайы
бағдарламалар үшін таңдалған қысым
деңгейін көрсетеді (*). (төмен, орташа,
жоғары)
H Жұмыс күйі - Ағымдағы жұмыс күйін (алдын
ала қыздыру, пісіру, жылы ұстау) көрсетеді
I Қысым деңгейі түймесі - Арнайы
бағдарламаларға арналған қысым деңгейін
таңдау үшін басыңыз (*). (төмен, орташа,
жоғары)
J Кідіріс уақыты түймесі - Кідіріспен бастау
уақытын орнату үшін басыңыз. Басқару
түймесі арқылы уақытты реттеңіз. (00:30 -
24:00)
K Басқару тұтқасы - Параметрлерді реттеу
үшін бұраңыз, бағдарламаны іске қосу үшін
басыңыз.
L Уақыт/температура түймесі - «Төмен
температурада пісіру» функциясына
арналған температураны/уақытты орнату
үшін басыңыз. Басқару тұтқасы арқылы
мәндерді реттеңіз.
M Жылыту/бас тарту түймесі - Жылы ұстау
функциясын іске қосу немесе кез келген
іске қосылған бағдарламаны тоқтату үшін
басыңыз.
ҚЫСЫМ ШЕКТЕУ КЛАПАНЫ:
Қысымды ұстап тұрыңыз
Қысымды шығарыңыз
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны бірінші рет пайдаланар алдында,
ішкі кәстрөлді, қақпақтың ішкі жағын және
барлық керек-жарақты дымқыл шүберекпен
және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз. Содан
кейін оларды шайып, құрғатып алыңыз.
ҚОЛДАНУ
Қақпақты алу:
(III сур.)
Қақпақты тұтқасынан ұстап, құлпын ашу үшін
сағат тілімен бұраңыз. Қақпақты абайлап
көтеріп ашыңыз.
Қақпақты бекіту:
(IV сур.)
Қақпақты жылдам пісіргішке салыңыз, қақпақты
дұрыс орналастыру үшін оны қайта қою қажет
болуы мүмкін. Содан кейін оны орнына бекіту
үшін сағат тіліне қарсы бұраңыз.
ПІСІРУ:
1. Қақпақты ашып, тағам мен сұйықтықты
рецепт бойынша ішкі кәстрөлге салыңыз.
Кәстрөлдегі кем дегенде 1/5 белгісіне дейін
толтырылғанына көз жеткізіңіз, бірақ 4/5
белгісінен асып кетпесін. Бұршақ және күріш
сияқты пісіру кезінде үлкейетін тағамды
пісіріп жатсаңыз, кәстрөлдегі 3/5 белгісінен
асырмаңыз.
2. «Saute» бағдарламасын пайдаланбасаңыз,
қақпақты жауып қою керек. Қақпақты
жаппас бұрын, ішкі кәстрөлдің сырты мен
қақпақтың тығыздағыш сақинасының таза
болуын тексеріңіз.
3. Қысым шектеу клапанының (4) дұрыс
бекітілгеніне және қалқымалы клапанның
(3) төменгі күйде екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама таңдауыңызға сәйкес қысым
шектеу клапанын «Қысымды ұстап тұру»
немесе «Қысым шығару» күйіне бағыттаңыз.
(Мәліметтерді «САҚТАУЛЫ ПІСІРУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» кестесінен қараңыз)
4. Қуат сымын қуат көзіне жалғаңыз. Басқару
тақтасында «0000» көрсетіледі.
5. Тиісті түймені басып, қажетті пісіру
бағдарламасын таңдаңыз. Уақыт дисплейі
жыпылықтайды. Басқару тұтқасын бұрап,
қажетті пісіру уақытын орнатыңыз;
бағдарламаны іске қосу үшін оны басыңыз.
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ

Содержание

Похожие устройства

Скачать