Haier HW90-BP14929A [35/68] Haier өнімін таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз

Haier HW90-BP14929A [35/68] Haier өнімін таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз
2
Haier өнімін таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Нұсқаулықта құрылғыны
барынша тиімді қолдануға мүмкіндік беріп, оны қауіпсіз әрі дұрыс орнатып, пай-
далану және қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін маңызды ақпарат бар.
Бұл нұсқаулықты құрылғыны қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін қолдану
мақсатында ыңғайлы жерде сақтаңыз.
Егер құрылғыны сатуды немесе көшкенде үй иелеріне қалдыруды шешсеңіз,
жаңа иесі құрылғымен және қауіпсіздік туралы ескертулермен таныса алу үшін
осы нұсқаулықты қоса беріңіз.
Шартты белгілер
Назар аударыңыз қауіпсіздік техникасы туралы маңызды ақпарат
Жалпы ақпарат пен кеңестер
Экологиялық ақпарат
Кәдеге жарату
Қоршаған орта мен адамзат денсаулығын қорғауға көмектесіңіз.
Қаптамасын өңдеуге арналған тиісті контейнерлерге тастаңыз.
Электрлі және электронды құрылғылар қалдығын қайта өңдеуге
үлес қосыңыз. Мына символмен белгіленген бұйымдарды
тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға болмайды.
Бұйымды қайталама шикізат өңдейтін кәсіпорынға өткізіңіз неме-
се жергілікті муниципалды мекемеге жүгініңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі!
Құрылғыны электр көзінен ажыратыңыз. Желілік кабельді кесіп алып, қайта
өңдеуге жіберіңіз. Балалар мен үй жануарлары құрылғы ішіне қамалып
қалмау үшін есік бекіткішін алыңыз.
KZ
Рақмет

Содержание