Haier HW90-BP14929A [37/68] Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат

Haier HW90-BP14929A [37/68] Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат
4
KZ
1. Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат
Машинаны бірінші қосу алдында қауіпсіздік бойынша келесі ұсыныстармен
танысыңыз:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бірінші пайдаланар алдында
►
Тасымалдау кезінде алынған ешқандай бүлінуі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
►
Барлық тасымалдау бұрандалары шешілгеніне көз жеткізіңіз.
►
Барлық қаптамаларды алып тастаңыз және оны балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
►
Машинаны салмағы үлкен болғандықтан онымен барлық манипуля-
цияларды кемінде екі адам орындауы керек.
Күнделікті пайдалану
►
Бұл машинаны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ дене, сенсорлық
немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдар, егер олар қадағалауда болса немесе машинаны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар берілсе және олар ықтиимал
қауіптерді түсінсе, пайдалана алады.
►
3 жасқа толмаған балалардың қараусыз машинаға жақындауына жол
бермеңіз.
►
Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынады.
► Балалардың немесе үй жануарларының машинаға жақындауына
рұқсат бермеңіз, егер оның есігі ашық болса.
►
Жуғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
►
Сыдырма ілгекті жабыңыз, бауларды байлаңыз және киімдердің
шырмалуының алдын алу үшін ұсақ заттарды алып тастаңыз. Қажет
болса, кір жуатын арнайы қап немесе тор қолданыңыз.
►
Машинаға сулы немесе ылғалды қолмен жанасуға немесе сіз жалаң
аяқ, ал қолыңыз немесе аяғыңыз су немесе ылғалды болған кезде ма-
шинаны пайдалануға тыйым салынады.
►
Жұмыс кезінде немесе жұмыс аяқталғаннан кейін ылғал кетуі үшін ма-
шианы жұмыс кезінде немесе одан кейін бүркемеңіз және қандай да
бір қаппен жаппаңыз.
►
Машинаға ауыр заттарды немесе жылу не ылғал көздерін
орналастыруға тыйым салынады.
►
Жеңіл тұтанатын құралдарды немесе құрғақ тазалауға арналған
құралдарды машинаға тікелей жақын жерде пайдалануға және
сақтауға тыйым салынады.
►
Жеңіл тұтанатын аэрозольдарды машинаға тікелей жақын жерде
пайдалануға тыйым салынады.
►
Машинада еріткіштермен өңделген киімдерді алдын ала ауада
кептірмей жууға тыйым салынады.

Содержание