Haier HW90-BP14929A [58/68] Орнату

Haier HW90-BP14929A [58/68] Орнату
25
KZ
10. Орнату
10.1 Дайындау
►
Кір жуғыш машинаны қаптамадан шығарыңыз.
►
Пенопластан жасалған табанын қоса алғанда, барлық қаптау материалын
алыңыз және балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Қаптаманы ашу ба-
рысында пластик пакет пен жүктеу люгінен су тамшыларын байқауға болады.
Бұл суды пайдалану арқылы зауыттық сынақпен туындаған қалыпты құбылыс.
Ескерту: қаптаманы жою
Барлық қаптау материалдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
және оларды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жаратыңыз.
10.2 Шужұтқыш төсемдерді орнату жөніндегі
нұсқаулар
1.
Термошөгімді қаптаманы ашқанда ішінде
бірнеше шужұтқыш төсемі бар түтік болады.
Олар шуды азайту үшін қолданылады (10-1-сур.).
2.
Шужұтқыш төсемдерді түтікшеден алып,
екіжақты жабысқақ қорғаныш қабығын алып
тастаңыз; шужұтқыш төсемдер кір жуғыш маши-
на корпусының астына, 2-суретте көрсетілген
орындарға (екі ұзын төсем 1 және 2-орын-
да, екі қысқа төсем 2-4-орында) орналасады.
Төсемдерді орнатқан соң машинаны тік қалпына
қайта қойыңыз.
Кеңес:
шужұтқыш төсемдер шуды азайтатын қосымша
элементтер және пайдаланушы өз қалауы бой-
ынша орнатады не орнатпайды.
10.3 Тасымалдау бұрандаларын алыңыз
Тасымалдау бұрандалары ішкі зақымдануды бол-
дырмау үшін тасымалдау кезінде машина ішіндегі
дірілге қарсы компоненттерді бекітуге арналған.
1. Артқы қақпағын алыңыз (10-2-сур.).
2. Артқы қабырғадағы барлық 4 бұранданы алып,
машина ішінде орналасқан пластик бөлшектерді
(А) шығарыңыз (10-3-сур.)
10-310-2
A
1.
2.
2x
2x
10-1

Содержание