Haier HHY-Y64SFFVB [37/70] Денсаулыққа қаупі

Haier HHY-Y64SFB [37/70] Денсаулыққа қаупі
Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
Электр тогы соғу қаупі
Сынған немесе шытынаған пісіру панеліне ас әзірлемеңіз. Егер пісіру
панелінің бетінде сынық немесе сызат болса, құрылғыны дереу электр
желісінен (қабырғадағы сөндіргіш) ажыратыңыз және білікті маманға
хабарласыңыз.
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін
қабырғадағы сөндіргіш көмегімен өшіріңіз.
Бұл кеңесті сақтамау электр тогы соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Денсаулыққа қаупі
Бұл құрылғы электрмагниттік қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.
Дегенмен, жүрекширатқышы немесе басқа электрлі имплантаты (мысалы,
инсулин дозаторлары) бар тұлғалар имплантатқа электрмагнит өрісі әсер етпес
үшін бұл құрылғыны пайдаланар алдында өз дәрігерімен немесе имплантат
өндірушімен кеңесуге тиіс.
Бұл кеңесті елемеу өлімге әкелуі мүмкін.
Ыстық бет қаупі
Пайдаланғанда құрылғының қолжетімді бөліктері күйіп қалуға себеп болатын
температураға дейін қызуы мүмкін.
Керамикалық әйнекке қандай да бір дене бөлігімен, киім немесе сәйкес
келетін ыдыстан басқа заттармен әйнек беті суығанша жанасуға болмайды.
Пісіру панелінің бетіне пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ секілді металл
нысандар қоймаңыз, олар қызып кетуі мүмкін.
Пісіру панеліне балаларды жақындатпаңыз.
Кәстрөл тұтқасы ыстық болуы мүмкін. Кәстрөл тұтқасы ас дайындайтын
басқа жерге төніп тұрмауын қадағалаңыз Балаларды тұтқаға
жақындатпаңыз.
Бұл кеңесті орындамау күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Кесу қаупі
Сақтандырғыш қақпағын алғанда пісіру панелін тазалауға арналған
қырғыштың жүзі ашылады. Асқан сақтықпен қолданыңызжәне балалар үшін
қауіпсіз және олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ескертуді елемеу жарақаттануға не кесіп алуға әкелуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать