Haier HHY-Y64SFFVB [38/70] Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулықтар

Haier HHY-Y64SFFVB [38/70] Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулықтар
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулықтар
Пайдалану барысында құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Қайнау
бу шығуына және май ағуына әкеледі, ол тұтануға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны жұмыс істейтін немесе зат сақтайтын бет ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы бетінде қандай да бір зат немесе ыдыс қалдырмаңыз.
Құрылғының қасына магниттелетін кез келген зат (мысалы, несие картасы,
жад картасы) немесе электронды құрылғылар (мысалы, компьютерлер,
MP3-плеерлер) қоймаңыз және қалдырмаңыз, оларға оның электрмагниттік
өрісі әсер етуі мүмкін.
Құрылғыңызды бөлмені қыздыру немесе жылыту үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланғаннан кейін ас әзірлейтін орындар мен пісіру панелін әрдайым
осы нұсқаулықта көрсетілгендей (яғни, сенсорлы басқару көмегімен)
сөндіріңіз. Таба немесе кәстрөлді оттан алғанда ас әзірлейтін аймақты
сөндіру үшін ыдыс анықтау функциясына сенім артпаңыз.
Балалардың құрылғымен ойнауына, оған отыруына не тұруына және
шығуына рұқсат бермеңіз.
Құрылғының жоғарғы жағындағы шкафтарға балаларды қызықтыратын
заттар қоймаңыз. Пісіру панеліне шыққан балалар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
Құрылғы қолданылатын жерде балаларды жалғыз не қараусыз
қалдырмаңыз.
Балалар немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға жауапты және уәкілетті тұлға
құрылғыны пайдалану туралы нұсқау беруге тиіс. Нұсқаушы олар құрылғыны
өзі мен төңірегіндегі адамдарға қауіп төндірмей қолдана алатынына көз
жеткізуге тиіс.
Нұсқаулықта кеңес берілмесе, құрылғының кез келген бөлігін жөндемеңіз
және ауыстырмаңыз. Білікті маман қызмет көрсетуі керек.
Пісіру панелін тазалау үшін бутазартқыш қолданбаңыз.
Пісіру панеліне ауыр зат қоймаңыз және құлатпаңыз.
Пісіру панеліне шықпаңыз.
Индукциялық әйнекті сырып алмау үшін шеті үшкір ыдыс пайдаланбаңыз
және ыдысты әйнек бетімен сырғытпаңыз.
Тазалау үшін металл ысқыш немесе басқа абразивті жуғыш құралдар
қолданбаңыз, олар индукциялық әйнекті сырып тастауы мүмкін.
Еге қуат беру кабелі зақымдалса, қауіпті жағдайдың алдын алу үшін оны
өндіруші, оның сервистік орталығы немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бұл құрылғы үй жағдайында немесе соған ұқсас
орта: - дүкен, кеңсе және басқа өндіріс орны қызметкерлерінің ас әзірлейтін
орындарында; - ауылдағы тұрғын үйлерде; - мейманхана, мотель және
басқа тұрғын орталарда; - “төсек және таңғы ас” типті мейманханаларда
қолдануға арналған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать