Haier HHY-Y64SFFVB [66/70] Назар аударыңыз

Haier HHY-Y64SFB [66/70] Назар аударыңыз
Назар аударыңыз
1. Индукциялық аспаптар панелін білікті қызметкер немесе техникалық
маман орнатуға тиіс. Бізде қызмет көрсетуге дайын кәсіби мамандар бар.
Өз бетіңізше орнатпаңыз.
2. Пісіру панелін ыдыс жуатын машина, тоңазытқыш, мұздатқыш камера,
кір жуатын машина немесе кір кептіргіш үстіне тікелей орнатпаңыз, өйткені
ылғал пісіру панелінің электроникасын зақымдауы мүмкін.
3. Индукциялық пісіру панелін жылу жақсы шығатындай орнату керек,
ол төзімддлігін арттырады.
4. Үстел бетіндегі қабырға мен индукциялық жылу аймағы ыстыққа төзімді
болуға тиіс.
5. Қандай да бір зақымдалудың алдын алу үшін көп қабатты тығыздағыш
және жабысқақ материал көмегімен асүй жабдығының үстіңгі тақтайының
қызуына жол бермеу керек.
Пісіру панелін қуат көзіне қосу
Пісіру панелін электр желісіне тек тиісті білігі бар тұлғалар ғана қосуға тиіс. Пісіру панелін
электр желісіне қосу үшін мыналарға көз жеткізіңіз:
1. үйдегі электр сымы пісіру панелі тұтынатын қуатқа сай екеніне.
2. кернеу паспорт кестесінде көрсетілген мәнге сай келетініне
3. қуат кабелінің қимасы паспорт кестесінде көрсетілген жүктемені көтере алатынына.
Пісіру панелін электр желісіне қосу үшін адаптер, өткізгіш немесе тармақтағыш
қолданбаңыз, өйткені олар қызуға және тұтануға әкелуі мүмкін.
Қуат беру кабелі ыстық бөліктерге тимеуі керек және кез келген нүктесіндегі температура
75°C-тан аспайтындай етіп орналасуға тиіс.
Электрші көмегімен үйдегі электр сымдар жүйесі өзгеріссіз қолдануға жарай ма екен,
тексеріңіз. Кез келген өзгерісті білікті электрші ғана енгізу керек.
Қуат беру желісіне қосу қолданыстағы стандарт немесе бір өрісті автоматты
сөндіргіш қолдану арқылы орындалуға тиіс. Қосу тәсілі төменде көрсетілген.
Кіру
Қуат беру кабелі
Қара
Қоңыр
Сұр
Көк
Сары/Жасыл

Содержание

Похожие устройства

Скачать