Samsung NV68R2340RB/WT [71/132] Нұсқаулықты қолдану

Samsung NV68R2340RB/WT [71/132] Нұсқаулықты қолдану
Қазақ 3
Нұсқаулықты қолдану
Қауіпсіздік нұсқаулары
SAMSUNG кіріктірілген пешін таңдағаныңызға рахмет.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны іске қосуға және күтіп ұстауға
көмектесетін маңызды сақтық шаралары мен нұсқаулар қамтылған.
Пешті іске қосар алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын уақыт бөліп оқып
шығыңыз да, кейін қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында келесі белгілер
қолданылған:
ЕСКЕРТУ
Адам қатты жарақат алатын, өлімге және/немесе мүлікке зақым келтіретін қатерлі
немесе қауіпті жағдайлар.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Адам жарақат алатын, өлімге және/немесе мүлікке зақым келтіретін қатерлі немесе
қауіпті жағдайлар.
ЕСКЕРТПЕ
Пайдаланушыларға құрылғыны қолдану кезінде көмек болатын пайдалы кеңестер,
ұсыныстар немесе ақпарат.
Бұл құрылғыны тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны
орнатушы оны электр желісіне, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берілген тиісті
ұсыныстарды орындай отырып жалғауға міндетті.
Маңызды сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем,
құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар
алаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын тарту ережелеріне
сай, тұрақты орнатылған сымға орнату керек.
Бұл құрылғыны орнатқаннан кейін электр желісінен ағыту мүмкін болуға
тиіс. Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы қол жететін жерде
тұруға тиіс немесе сымға қолданыстағы ережеге сай айырып-қосқыш
орнатылуға тиіс.
Қорек сымына зақым келсе, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны
өндіруші, өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
Орнату үшін желімді пайдаланбау керек, себебі бұл сенімді жапсыру
құралы емес.
Нұсқаулықты қолдану
NV68R2325BS_WT_DG68-00757F-00_KK.indd 3 2019-12-04  3:59:58

Содержание

Похожие устройства

Скачать