Samsung NV68R2340RB/WT [93/132] Күтіп ұстау

Samsung NV68R2340RB/WT [93/132] Күтіп ұстау
Қазақ 25
Күтіп ұстау
Тазалау
ЕСКЕРТУ
Тазалар алдында пеш пен пештің керек-жарақтарының суық екенін тексеріп алыңыз.
Түрпілі тазартқыш құралдарды, қатты шөткені, қатқыл талщықты шүберек пен
сүрткіштерді, металл жөкелерді, пышақтар мен басқа да түрпілі материалдарды
пайдалануға болмайды.
Пештің ішкі жасақтамасы
Пештің ішін тазалау үшін таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабын
суды қолданыңыз.
Есіктің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.
Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, пешке арналған стандартты жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
Қатып қалған қоқысты тазалау үшін арнайы пеш тазалағышты қолданыңыз.
Пештің сырты
Пештің есігі, тұтқасы және дисплейі тәрізді сыртқы жақтарын тазалау үшін таза
шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе жылы сабынды суды пайдаланыңыз да, ас
үй сүрткішімен немесе құрғақ сүлгімен сүртіңіз.
Май мен қоқыс іштен шығатын ыстық ауаға байланысты әсіресе тұтқаның айналасына
жиналуы мүмкін. Тұтқаны пайдаланып болған сайын тазалауды ұсынамыз.
Керек-жарақтары
Керек-жарақтарды қолданып болған сайын жуып, ыдыс-аяқ сүлгісімен құрғатыңыз.
Қатып қалған қоқысты тазалау үшін пайдаланылған керек-жарақтарды жуу алдында
жылы суға шамамен 30 минут жібітіңіз.
Каталитті эмаль қаптама (ондайы бар үлгілерге ғана қатысты)
Алмалы бөлшектер қара сұр каталитті эмальмен қапталған. Оларға
конвекциямен пісіру кезінде ыстық ауамен таралатын май және тоң май шашырап
ластайды. Дегенмен, бұл қалдықтар пештің 200 °C градус және одан жоғары
температурасында күйіп кетеді.
1. Пештің керек-жарақтарын түгел алыңыз.
2. Пештің ішін тазалаңыз.
3. Конвекция режимін ең жоғарғы температураға қойып таңдаңыз да, циклды
шамамен бір сағат қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Үлгі түріне қарай каталитті бөлшектердің бір жағы немесе 3 жағы да қапталған.
Есікті ағытып алу
Пештің есігін әдетте алмай қолдану керек, дегенмен, пештің есігін мысалы, тазалау
үшін алу керек болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Пештің есігі ауыр.
1. Есікті ашыңыз да, екі топсадағы
қапсырмаларды түгел ашыңыз.
70°
2. Есікті шамамен 70° бойынша жабыңыз.
Есіктің екі жақтауының орта тұсынан
қос қолдап ұстап, топсаларын ағытып
алғанша тартып көтеріңіз.
3. Тазалап болғаннан кейін есікті орнына
салу үшін 1-ші және 2-ші қадамдарды
кері ретпен орындаңыз. Топсаның
қапсырмасын екі жағынан жабу керек.
Күтіп ұстау
NV68R2325BS_WT_DG68-00757F-00_KK.indd 25 2019-12-04  4:00:12

Содержание

Похожие устройства

Скачать