Scarlett SC-HC63C103 Инструкция по эксплуатации онлайн [11/12] 809975

Scarlett SC-HC63C103 Инструкция по эксплуатации онлайн [11/12] 809975
IM023
www.scarlett.ru SC-HC63C103
11
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған
түймені жылжытыңыз.
ТАЗАЛАУ
Машинканы өшіріңіз де, электр желісінен ағытыңыз.
Жүздерін алып шығыңыз, бұл үшін:
1. Машинканы логотипін жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Алынбалы бөліктері негізгі корпустан ажырағанша пышақтарды жоғары қарай
итеріңіз (құралдың өшірілгеніне көз жеткізіңіз).
Жүздері мен машинканы қоса берілетін шөткенің көмегімен шаштан тазартыңыз.
Бөлшектерді сумен жууға болмайды.
Корпусын құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жүздерін майлаңыз да, машинкаңызға орнатыңыз. Жүздерін орнату үшін оларды
орнына салыңыз да, сырт еткенше басыңыз.
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін
арнайы маймен үнемі майлап отырған дұрыс.
Маймен сылағаннан кейін жүздерінің арасында майдың біркелкі таралуы үшін
машинканы өшіріңіз де, олардың біркелкі жүрісін тексеріңіз. Шыққан майды сүртіп
алыңыз.
Майлау үшін шашқа арналған майды, тоңмайларды және керосин немесе басқа
еріткіштер қосылған майларды қолдануға болмайды.
САҚТАЛУЫ
Машинканы құрғақ жерде сақтау керек.
Жүздерін міндетті түрде майлап қою керек.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған
электрлік және электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге
шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу
қажет.
Өнім, орам және/немесе қосымша құжатта бар осы бұйымда пайдаланылатын
аккумулятор немесе батарея әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы
тиіс.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару
органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды
дұрыс шығармау салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін
теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі.

Содержание

Скачать