Centek CT-8585 Smart [12/52] Осы нұсқаулықты оқып сақтаңыз нұсқауларды орындаңыз және барлық

Centek CT-8585 Smart [12/52] Осы нұсқаулықты оқып сақтаңыз нұсқауларды орындаңыз және барлық
12
Бөтен бөлшектерді пайдалану өртке, электр тогының соғуына және / немесе
басқа қауіптерге әкелуі мүмкін.
- Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу аяқталғаннан кейін, теледидар-
дың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін маманнан қауіпсіздігін
тексеруін сұраңыз.
- Балаларға теледидар салынған пластик пакетпен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Бұл талапты орындамау тұншығуға әкелуі мүмкін.
- Батареялар (батарея блогы немесе орнатылған батареялар) шамадан тыс
жылу әсеріне (күн сәулесі, от және т.б.) ұшырамауы керек. Батареяларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оларды ескі батареяларды
жинау орнына қайтарыңыз.
- Антеннаны жоғары вольтты электрберілісі желілері мен байланыс кабель-
дерінен алыс орнатыңыз және оның сенімді орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Егер антенна электрберілісі желісіне тиіп кетсе, өртке, электр тогына немесе
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
1. Пайдалану шарттары:
- ауа температурасының 15°С-ден 35°С-ге дейін болуы
- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 45%-дан 75%-ға дейін
- атмосфералық қысым 86-дан 106 кПа-ға дейін (сын.бағ.650-ден 800 мм)
2. ~ Айнымалы токты білдіреді.
Тұрақты токты білдіреді.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық
1.
Осы нұсқаулықты оқып, сақтаңыз. Нұсқауларды орындаңыз және барлық
ескертулерді орындаңыз.
2. Құрылғыны судың жанында пайдаланбаңыз.
3.
Желдетуді жаппаңыз. Желдету тесіктерін газет, дастархан, перделер және
т.б. сияқты заттармен жаппаңыз.
4.
Жылу шығаратын радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе басқа құрылғы-
лар (күшейткіштерді қоса) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
5.
Зақымдалған немесе түріне сәйкес келмейтін қуат розеткасын пайдалан-
баңыз. Штепсель мен розетканың дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Штепсель
мен розетканы шаңнан және металл заттармен жанасудан қорғаңыз.
6.
Балаларға теледидардың басқару пультін алу үшін жиһазға шығудың қауіпті
екенін айтыңыз.
7.
Егер сіз теледидарға арналған мобильді тұғырды қолдансаңыз, оны
жылжытқан кезде жарақат алмау үшін абай болыңыз. Күрт тоқтау, шамадан
тыс күш салу және беті тегіс емес еден өнімнің тұғырдан құлауына әкелуі
мүмкін.
8.
Құрылғыны қосымша қорғау үшін найзағай кезінде немесе қараусыз қалған
және ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде оны розеткадан ажыратып, кабель
жүйесін өшіріңіз.
9.
Техникалық қызмет көрсету үшін білікті қызмет көрсету персоналына хабар-
ласыңыз. Қуат сымы зақымданған жағдайда қауіпті болдырмау үшін оны
ауыстыруды дайындаушы, сервистік қызмет немесе осыған ұқсас білікті
персонал жүргізуі тиіс.
Құрылғы физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдар-
дың (балаларды қоса алғанда) немесе оларда өмірлік тәжірибесі немесе білімі
болмаған кезде, егер олар қарауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігіне
жауапты адамның құрылғыны пайдалануы туралы нұсқау берілмеген болса,
пайдалануға арналмаған.
Құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін балалар бақылауда болуы керек.
ЕСКЕРТПЕ:
- Теледидарды көрсетілген диапазоннан жоғары қуат көзіне қоспаңыз.
- Сыртқы құрылғыға қосылмас бұрын алдымен теледидар мен сыртқы
құрылғының ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Қоспас бұрын штекерлер мен
ағытпалардың атауы мен түсінің сәйкестігін тексеріңіз.
- Қуат сымын ажыратқан кезде ашаның оқшауланған бөлігін ұстаңыз, металл
бөлігіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
- Бұл өнімді кәдеге жарату жергілікті ережелерге сәйкес жүргізілуі керек. Бұл
өнімді жалпы тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға тастамаңыз.
- Кейде экранда бірнеше белсенді емес пикселдер бекітілген көк, жасыл
немесе қызыл нүкте ретінде пайда болуы мүмкін. Бұл сіздің өніміңіздің жұ
-
мысына әсер етпейтінін ескеріңіз.
- Экранға қол тигізбеңіз, саусақтарыңызбен ұзақ уақыт ұстамаңыз. Бұл
экранда уақытша бұрмалану әсерін тудыруы мүмкін.
- Экранда ұзақ уақыт бойы қозғалмайтын (статикалы) бейнені ұстап тұруға
кеңес берілмейді, сондай-ақ, бейнені тым ашық етудің қажеті жоқ: бейне
тұрақты (статикалы) болған кезде жарықтылық пен контрастты азайтыңыз.
2. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
- Теледидар — 1 дана
- Қашықтан басқару пульті (ҚБП) — 1 дана
- ҚБП-не арналған батарея * — 2 дана
- Алынатын аяғы — 2 дана
- Тұғырықтарды бекітуге арналған бұрандалар жиынтығы — 1 дана
- Тұғырықтарға арналған резеңке шайбалар жиынтығы * - 1 дана
- Пайдалану бойынша нұсқаулық — 1 дана
* жеткізу міндетті емес
3. ОРНАТУ
Аяқтарын орнату
1. Сауда қорабын ашыңыз да, теледидар мен тұғырық корпусын алыңыз.
2. Теледидардың өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Теледидар корпусы мен тұғырықтың бетінен қорғаныс үлдірін алыңыз.
4. Теледидар экранының зақымдануын болдырмас үшін жұмсақ бетке экран-
ды төменге қаратып қойыңыз.
5. Тұғырықтың аяқтарын теледидардың төменгі жағындағы ағытпаларға
салыңыз.
6. Жиынтықтағы барлық бұрандаларды пайдаланып тұғырықтарды бекітіңіз.
7. (міндетті емес) Аяқтарды теледидар корпусына бекіткеннен кейін, аксессу-
арлар жиынтығындағы тығыздағыштарды тұғырықтың төменгі жағындағы
тиісті тесіктерге орнатыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнату
1. Сызаттардың алдын алу үшін теледидарды жұмсақ шүберекпен жабылған
үстелге абайлап қойыңыз.
2. Тұғырықтың астыңғы тіреуішіндегі бұрандаларды бұрауышпен бұраңыз.
Тұғырықты шешіп алыңыз. Бұл әрекеттерді мұқият орындаңыз.
3. Кронштейнді қабырғаға 3 және 4 суреттерге сәйкес болатындай етіп орна-
тыңыз.
4. Қабырғаға 4 тесік бұрғылаңыз (анықтама үшін масштаб берілген) және 4
бұран бұраңыз.
5. 4-суретте көрсетілгендей бұрауышпен теледидардың артқы қабырғасын-
дағы бұрандарды бекітіңіз. Теледидарды қабырғаға орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
1. Теледидарға орнатуға арналған бекіткіш VESA стандартына сәйкес келеді.
2. Қабырғаға кронштейнді пайдалану міндетті емес.
3. Қабырғаға жақын және қабырға алдында құрастыру жұмыстарын жүргізу
кезінде мүлдем бөгде заттар болмауы керек.
4. Орнатуды білікті маман жүзеге асыруы керек.
5. Орнату кезінде кронштейнді құрастыру бойынша нұсқаулық талаптарын
орындаңыз.
6. Суреттер анықтама үшін берілген.
Қабырға
Анкер бұран
Қабырға

Содержание

Скачать