Tefal Sense KO693110 белый, хороший [217/0] Алғаш қолданар алдында

Tefal Sense KO693110 белый, хороший [217/0] Алғаш қолданар алдында
215
Суды қыздырғанда, сүзгіні міндетті түрде салыңыз.
Бос шәйнекті қыздыруға болмайды.
Шәйнекті және оның қуат сымын тұрақты, жылуға және суға төзімді бетке қойыңыз.
Кепілдік тек өндірістік ақаулар мен үйдегі қолданыс үшін жарайды. Осы пайдалану
нұсқауларын орындамағаннан болған бұзылу және зақымдалу жағдайларына
кепілдік жүрмейді.
ПАЙДАЛАНУ
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
1.Ораманың барлық элементтерін, ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы керек-жарақтарды
және жапсырмаларды алып тастаңыз.
2.Баусымның ұзындығын реттеңіз, қалғанын үйкек астына орап қойыңыз. Сымды
ойыққа кіргізіңіз.
(1-сур.)
Қолдануды бастамас бұрын шәйнекте суды екі-үш рет қайнатып, суды төгіп тастаңыз,
өйткені онда шаң-тозаңның бөлшектері болуы мүмкін. Шәйнекті шайыңыз.
1.ҚАҚПАҚТЫ АШУ ҮШІН (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
Құлыптау жүйесін бассаңыз, қақпақ автоматты түрде көтеріледі.
(2-сур.)
Жабу үшін қақпақты төмен қарай қатты басыңыз.
2.ҮЙКЕКТІ ТЕГІС, ТҰРАҚТЫ, ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ, СУ ШАШЫРАМАЙТЫН ЖӘНЕ
ЖЫЛУ КӨЗДЕРІНЕН АЛШАҚ БЕТКЕ ҚОЙЫҢЫЗ.
Шәйнекті тек қамтамасыз етілген негізбен бірге пайдалану керек.
3.ШӘЙНЕКТІ ҚАЛАҒАН СУ МӨЛШЕРІМЕН ТОЛТЫРЫҢЫЗ. (3-сур.)
Үйкекте тұрған шәйнекті ешқашан толтырмаңыз.
Шәйнектегі судың деңгейі ең жоғарғы таңбадан аспауы, ең аз таңбадан төмен
болмауы қажет. Егер шәйнек толып кетсе, қайнап жатқан су шәйнек жиегінен төгілуі
мүмкін.
Шәйнекті сусыз қоспаңыз.
Шәйнекті қоспас бұрын, қақпақтың жабық екендігіне көз жеткізіңіз.
4.ШӘЙНЕКТІ ҮЙКЕГІНЕ ҚОЙЫҢЫЗ. РОЗЕТКАҒА ҚОСЫҢЫЗ.
5.ШӘЙНЕКТІ ІСКЕ ҚОСУ
Шәйнекті негізге қойғанда барлық шамдар жанады. Шәйнектегі су температурасы
экранда көрсетіледі.
СУДЫ ЖЫЛЫТУ ҮШІН:
2 опция:
Қайнату бағдарламасын бастағыңыз келсе,
түймесін басыңыз
100°C тікелей экранда көрінеді, шәйнек дыбыстық сигнал шығарады және суды
жылытуды бастайды.
Су температурасы 100°C-қа жеткенде шәйнек екі рет дыбыстық сигнал шығарады.
Температураны таңдағыңыз келсе – 5 мүмкін параметр: 40°C – 70°C – 80°C –
90°C – 100°C – пернесін ол таңдағыңыз келетін температураны көрсеткенше
басып тұрыңыз. Таңдалған температура екі рет жыпылықтайды, содан кейін
жыпылықтамайды. Шәйнек дыбыстық сигнал шығарып, суды жылытуды бастайды.
Экранда судың нақты уақыттағы температурасын бақылауға болады.
Таңдалған температураға жеткеннен кейін шәйнек екі рет дыбыстық сигнал шығарады
және жылытуды тоқтатады.
KK

Содержание

Похожие устройства

Скачать