Tefal Sense KO693110 белый, хороший [219/0] Ақаулар

Tefal Sense KO693110 белый, хороший [219/0] Ақаулар
217
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Егер су құрамында әк қоспалары көп болатын болса, онда, ең кем дегенде, айына
бір рет немесе одан да жиірек қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек. Шәйнектегі
температураны анықтауға қақ әсер етуі мүмкін.
Қақты кетіру үшін келесіні қолданыңыз:
Жабдық дүкендерінен сатып алуға болатын ақ сірке суын пайдаланып:
Шәйнекті ½ л ақ сірке суымен толтырыңыз,
1 сағат бойы қыздырусыз қалдырыңыз.
Лимон қышқылын пайдалану:
½ л суды қайнатыңыз,
25 г лимон қышқылын қосып, 15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнектің ішіндегісін төгіңіз және 5-6 рет шайыңыз. Қажет болған жағдайда үрдісті
қайталаңыз.
Шәйнек қағын түсіру үшін:
Сүзгіні ақ сірке суына немесе лимон қышқылының ерітіндісіне салыңыз.
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.
АҚАУЛАР
ЕГЕР ШӘЙНЕКТІҢ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ БОЛМАСА:
Шәйнек жұмыс істемейді
Шәйнектің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Шәйнекте су болған жоқ болмаса қақ жиналып қалған, осының салдарынан су
жоқ болған кезде шәйнекті ажырататын қауіпсіздік жүйесі іске қосылды: шәйнектің
суығанын күтіңіз, оны негізінен алыңыз және су құйыңыз. Қақ жиналып қалса,
алдымен қақты тазалаңыз.
Ауыстырып-қосқышты басу арқылы шәйнекті қосыңыз: ол шамамен 15 минуттан кейін
жұмыс істейді.
ЕГЕР ШӘЙНЕК ҚҰЛАП ҚАЛСА, ОДАН СУ АҒАТЫН БОЛСА, ЕГЕР БАУСЫМДА,
ШӘЙНЕКТЕ НЕМЕСЕ ҮЙКЕКТЕ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАР БОЛСА
Шәйнекті Tefal фирмасының кепілді қызмет көрсетудің уәкілетті орталығына апарыңыз,
өйткені тек осындай орталықтардың ғана жөндеуді жүргізуге құқығы бар. Кепілдіктің
шарттары мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін орталықтардың тізімі электр құралымен
қоса ұсынылған кепілдік кітапшасында берілген. Үлгі мен сериялық нөмірі электр
құралының төменгі бөлігінде көрсетілген. Бұл кепілдік тек өндірістік кемшіліктер
мен үйдегі қолданыс барысында туындаған ақауларды ғана жабады. Нұсқаулықты
сақтамағандықтан туындаған кез келген зақымданулар мен бұзылулар кепілдік
шартына кірмейді.
Tefal, тұтынушының мүддесінде, өз шәйнектерінің сипаттамаларын немесе құрам
бөлшектерін кез келген сәтте өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Зақымдалған болса, шәйнекті пайдаланбаңыз. Электр құралын бөлшектеуге немесе
қауіпсіздік құрылғысын алуға тырыспаңыз.
Егер электр баусымы зақымданған болса, онда қайғылы оқиғалардан аулақ болу
үшін, ол өндірушімен, оның кепілдік қызметтерымен немесе сәйкес біліктілігі бар
маманмен алмастырылуы қажет.
KK

Содержание

Похожие устройства

Скачать